2014 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарына дайындық басталып кетті
2014 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарына дайындық басталып кетті, оның ішінде шаңғышылар да бар, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Сочидегі Олимпиада ойындарына 300 күндей ғана қалды. Алдағы қысқы ойындарда 15 спорт түрінен 98 жинақ медаль ойналады, шаңғыдан 12 жинақ медалдің біз 3-4 түрінен үздік нәтиже көрсетуді жоспарлап отырмыз. Алдымызда — Ванкувердегіден де жақсы өнер көрсету міндеті тұр. 2012-2013 жылдарғы шаңғышыларымыздың нәтижесіне қарасақ, 2014 жылғы Олимпиадада үлкен жетістіктерден үміттіміз», — деп отыр Спорт және денешынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов.
Төрағаның айтуына қарағанда, біздің құрамамызға Олимпиада ойындарының жолдамасын ұтып алу үшін әлі көп тер төгуге тура келеді. Біздің спортшылардың бәсекелестігінің артуына қол жеткізсек, шаңғыдан 12-14 жолдамаға қол жеткізіп қалуымыз мүмкін екен.
«Қазіргі таңда агенттік «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорымен бірлесіп құраманы қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз ету мәселесін шешуде. Шаңғышылар бәсекесінде біз кәсіби, жоғарғы білікті жаттықтырушыларды, сонымен қатар дәрігерлер, тиімді жұмысты үйлестіретін мамандарды жинап алдық, барлық шараны ҚР Ұлттық шаңғы жарысы федерациясымен бірлесе атқаруды жоспарлап отырмыз», — деп атап өтті ол.

