Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

2003 жылдан бері Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарына 11,7 млрд теңге төленді

2003 жылдан бері Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарына 11,7 млрд теңге төленді

2003 жылдан бері Қазақстанда саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ретінде 11,7 млрд теңге төленді.

Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы»  Заңына сәйкес, негiзсiз қуғын-сүргiнге ұшыраған және Қазақстан заңнамасына сай ақталған адамдарға, республикалық бюджет қаржысынан олардың аталған орындарда болған әр айы үшiн әлеуметтiк қорғау органдарына өтiнiш жасаған сәтiнде қолданылған Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген айлық есептік көрсеткіштің төрттен үш бөлiгi есебiнен, бiрақ заңмен белгiленген 100 айлық есептік көрсеткiштен аспайтындай ақшалай өтемақы төленедi.

2003 жылдан 2016 жылға дейінгі аралықта республикалық бюджет қаржысынан 3 млрд теңгеге жуық сомада біржолғы ақшалай өтемақы төленді. 2017 жылы аталған мақсаттарға республикалық қазына қаржысынан 1,7 млн теңге қарастырылған.

Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына, мүгедек болып қалған және зейнеткер болып табылатын, саяси қуғын-сүргiндер салдарынан зардап шеккен адамдарға басқа әлеуметтік төлемдерден тәуелсіз арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы (бұдан әрі АМЖ) 1,07 айлық есептік көрсеткіші көлемінде төленедi (2017 жылы – 2 428 теңге).

2005 жылдан 2016 жылға дейінгі аралықта республикалық бюджет қаржысынан 8,8 млрд теңге сомасында АМЖ төленді. Бұл мақсатқа 2017 жылы 1046,4 млн теңге жоспарланған. Ағымдағы жылғы 1 мамырда жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандары мен саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккендер қатарынан АМЖ алушылар саны 35 069 адамды құрады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 сәуірдегі № 3443 Жарлығына сәйкес, Қазақстанда жыл сайын 31 мамырда Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi атап өтіледі.

0
0
296

Осы тақырып бойынша

2003 жылдан бері Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарына 11,7 млрд теңге төленді - Yvision.kz