Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау»

«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде.
Тұтынушы мемлекеттік қызмет алу үшін мынадай құжаттарды тапсырады:
1) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшiн белгіленген үлгідегі өтiнiш;
2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесі (көшірмелері);
3) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
4) отбасының тұрғылықты жерi бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшiрмесi (азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы не ауылдық округ әкімінің анықтамасы);
5) белгіленген үлгідегі отбасының құрамы туралы мәлiметтер;
6) белгіленген үлгідегі отбасы мүшелерiнiң табысы туралы мәлiметтер;
7) асырап алушылар, қорғаншылар (қамқоршылар) тиiстi органның асырап алу немесе баланы қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алу туралы шешiмiнiң үзiндi көшiрмесiн ұсынады.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары тұтынушыға қайтарылады. Балаларға арналған жәрдемақыны алу құқығы тоқсан сайын отбасы мүшелерiнiң табысы туралы мәлiметтердi бере отырып расталады.
Ата-анасының бiреуi, қорғаншылары немесе қамқоршылары жәрдемақы тағайындау туралы жеке өтiнiш жасай алмайтын жағдайда, ата-аналар, қамқоршы немесе қорғаншы белгiленген тәртiппен берiлген сенiмхат негiзiнде жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiшпен баруға басқа адамдарға өкілеттiк беруге құқылы.
Барлық қажетті құжаттар тапсырылғаннан кейін тұтынушыға:
1. өтініштің нөмірі және қабылданған күні;
2. сұралатын мемлекеттік қызметтің түрі;
3. қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
4. құжаттарды беру күні, уақыты және орны;
5. құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
0
0
585

Осы тақырып бойынша