18 қараша күні Панфилов аудандық «Nur Otan» партиясының ұйымдастыруымен, желілік кестесі
Жыл сайын еліміз 1 желтоқсан «Президент күні» мерекесін атап өтеді. Бұл мереке еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанның игілігі үшін, әрбір азаматтың тіршілігін жақсартып, уайым-қайғысыз тіршілік кешуі үшін тынымсыз істеп келе жатқан еңбегінің, жыл қауымдастығының алдындағы зор абыройының заңды нәтижесі деп білгендіктен осы мерекені атап өтуді жөн санаған. Осы орайда аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастырылды. Кітап көрме үш бөлімнен тұрады: бірінші бөлімінде Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назабраевтің өмірі және отбасы жайлы мәліметтермен қойылған. Елбасы тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушы болғаны, сабақты зор ынта-ықыласымен оқығаны жайлы мәліметтер мен студенттік өмірі, алғашы еңбек жолы туралы кітаптар да осы бөлімнен орын алған, Қазақстаның алғашқы Президенттік антын қабылдаған сәтінен үзінді фото-естеліктер де бар. Екінші бөлімінде Елбасымыздың жазған шығармалары мен еңбектері атап айтатын болсақ : «Халыққа арнау», «Тәуелсіздік шежіресі», «Тарих толқынында», «Ақыл парасат» кітаптары мен қатар , Ақмоланың Астанаға ауыстырылғаны және Елбасы мен Елорданың егіз ұғым екені жайлы мәліметтер де қойылған. Ал үшінші « Елбасы сарапшылардың көзімен » атты бөлімінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің қатысуымен ел ішінде және халықаралық аренада өткен маңызды іс-шаралар жайлы әдебиеттер, фотоматериалдар жинақталғаны жайлы аудандық кітапхананың кітапханашысы Ақмарал Алмасқызы баяндап, көпшілік оқырмандарға кең көлемде таныстырды. Кітап көрмесінің соңын Елбасы жайлы:
Ауыр күнді артымызға тастауы
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаның бастауы.
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасадың-ау кісілік !-деген осы өлең жолдарымен Елбасымызға деген ыстық ықылас ілтипатымызды білдіреміз- деп кітапханашы кітап көрмесін оқырмандарға ұсынды
