17 қараша – Халықаралық студенттер күні
17 қараша – Халықаралық студенттер күні
Ұлы Абай атамыз «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» демекші, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру үшін Қазақстанда білім беру жүйесін дамыту манызды рөл атқарады.
Әрбір жеке тұлғаның болашағы өз мектебінде шыңдалады. Тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары мен оқу орнының болашақ мамандық иегерлері. Білімді ұрпақ – еліміздің ертеңі. Тәуелсіз еліміздің мәдениетін өркендетіп, ұлтымызды асқақ, елімізді көкке көтеретін жастарымыз сапалы білім алып, тәрбиелі, парасатты азамат болып қалыптасуы қажет.
Бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жарқын бейнесі. Жастарды білім жолына салып, оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті.
Тәуелсіз еліміз әрдайым жастарға жарқын болашаққа жол ашып береді. Қазақстандағы барлық білім ордалары жастарға тек білім ғана беріп қоймай, студенттерге өнегелі тәрбие беріп, рухани азықтандырады. Студенттерге өткенімізді насихаттап, болашаққа дұрыс бағыт-бағдар көрсете отырып, заман талабына сай тәрбие беру саналы ұрпақ болып қалыптасуының бірден-бір жолы болмақ.
Біздің Маңғыстау ауданының жастары қашан да еліміздің жүргізіп жатқан саясатына қолдау білдіріп келеді. Студенттер қоғамдық жұмыстарға араласып та жүр. Халық пен қоғамның арасында дәнекер болып жүрген ертеңгі ел болашағы жастарымызды 17 қараша – Халықаралық студенттер күнімен құттықтаймыз. Биыл әлемді жайлаған ауыр індеттің салдарынан студент атанса да, қашықтан оқып, бар ынта зейіндерін білімге арнаған студенттерді алғашқы мерекелерімен құттықтаймыз. Тәуелсіз елдің тұғырын биіктетіп, алған білімдеріңіз елдің дамуына ықпал етеді деп сенеміз.
