Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

11қараша-халықаралық энергия үнемдеу күні.

Халықаралық энергия үнемдеу күні

Бұл мереке 2008 жылғы сәуірде Қазақстанда SPARE халықаралық үйлестірушілер мәжілісінде қабылданды. 2008 жылғы қарашада әлем халқы алғашқы Энергия үнемдеу күнін атап өтті.

Біздің өңірде күннен энергия алатын шамдарды пайдалану жүзеге асып отыр. Энергия үнемдеу арқылы біз басқа да өңірлерге үлгі бола аламыз. Маңғыстау ауданында халықты жарықпен қамтамасыз етіп отырған екі мекеме «МАЭК» АҚ мен «Дария» МКҚК халыққа қызмет көрсетіп келеді. Қыстың ызғары мен шілденің шіліңгірінде тұрғындарды электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырған мекеме қызметкерлерін бүгінгі мерекемен құттықтаймыз. Халыққа жарық сыйлаушы сала мамандарының қызметтерінсіз бір сәт қызмет ете алмайтынымыз хақ. Барлығы осы электр энергиясымен байланыста.

Қадірменді сала мамандары, қызметтеріңіздің жарығы әлемге сәуле шашсын. Еңбектеріңіз жемісті, нұрлы болсын!

0
0
143

Осы тақырып бойынша