Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші институционалдық реформасы – «Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру», «Е-қызмет» жүйесі, персоналды басқарудың кейбір мәселелері

2015 жылғы 25 тамызда Қызылорда облысының әкімдігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен ұйымдастырылған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші институционалдық реформасы – «Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру», «Е-қызмет» жүйесі, персоналды басқарудың кейбір мәселелеріне арналған тәжірибелік конференция өткізілді. Іс-шараға Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы М.Оразали, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Байхожаев, қала, аудан әкімінің аппарат басшылары мен Қызылорда облысының жергілікті және аумақтық персоналды басқарудың қызметкерлері қатысты. Кіріспе сөзімен қатысушылар алдында Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы М.Оразали сөз сөйлеп, мемлекеттік органдар жұмысындағы «Е-қызмет» жүйесінің рөлін атап өтті. Себебі жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мемлекеттік органдардың кадр қызметтерінің өнімділігін және тиімділігін арттырудағы өзекті факторлардың бірі болып табылады.

0
0
479

Осы тақырып бойынша

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші институционалдық реформасы – «Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру», «Е-қызмет» жүйесі, персоналды басқарудың кейбір мәселелері - Yvision.kz