Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні.

Қадірлі жерлестер!

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні – Елбасы жетістіктері мен жеңістерін ұлықтайтын, өскелең ұрпаққа нағыз елжандылық пен отансүйгіштіктің, азаматтық пен ұлылықтың үлгісін көрсететін күн.

1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданып, еліміз егемендігін жариялады. Жас мемлекет тізгіні заманауи әлемнің ең көреген, ең кемел саясаткерлерінің бірі -Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тапсырылды. Мемлекетіміздің әлем елдері арасындағы абыройы уақыт санап артып келеді. Мұның барлығы да бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы Тұңғыш Президентіміз – Елбасының ерен еңбегінің, арқасы. Елбасымыздың жастарға деген қамқорлығы да ерекше. Ол болашақ жастардың қолында екенін үнемі айтып отырады. Оларды қолдау үшін барын салады. Осы орайда Елбасының өзінің жеке тапсырмасымен «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асырылып ,жыл сайын қаншама қазақтың қаракөздері әлемдегі ең атақты жоғары оқу орындарында білім алды.

Мемлекеттік тарихымыздың мерейлі мерекесі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні құтты болсын!

Баршаңызға мерекелік көңіл-күй, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз!

0
0
171

Осы тақырып бойынша