Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

1 және 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға «1414» Бірыңғай Call-орталығының жұмысын насихаттау

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының барлық бөлімдерінде, Мүмкіндігі шектеулі I-II топ мүгедек жандарға қызмет көрсету мәселелері бойынша мобильді топ құрылған болатын. Яғни мүмкіндігі шектеулі азаматтар үйлерінде Call центр орталығына «1414» нөміріне тегін қоңырау шалып өзіне қажетті мемлекеттік қызметтерге өтініш бере алады. Call центр орталығының кеңесшісі 10 минуттың ішінде тұтынушының Т.А.Ә қабылдау күнін, мемлекеттік қызмет түрін, тұрақты тұратын жерін, байланыс телефонын базаға енгізіп, өтінішін қабылдап, тұтынушыға мемлекеттік қызмет алу үшін қандай құжаттарды ұсыну керектігін айтады. Call центр орталығының кеңесшісі РМК-ның Халыққа қызмет көрсету орталығының жауапты қызметкеріне жібереді.

Мүмкіндігі шектеулі 1 және 2 топ мүгедек азаматтарға жауапты маманы келіп түскен өтініш иесіне хабарласып баратын уақыты мен келісіп, алынып жатқан мемлекеттік қызмет түріне қандай құжаттардын керек екендігі туралы толық мағлұмат беріп 72 сағаттың ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың уйлеріне барып Халыққа қызмет көрсету орталығы ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі бағдарламасы арқылы қабылданып дайын болған құжаттарды мобильді топ арқылы апарып береді. Тұтынушының келісімімен Электронды Үкімет Порталы арқылы берілетін мемлекеттік қызметтер туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

 

«Халыққа қызмет көрсету орталығы»

РМК-ның Жамбыл облысы бойынша

филиалының №3 бөлім басшысы                                     Б.Ж.Рахимбердиев

 
0
0
385

Осы тақырып бойынша