Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

1 және 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға «1414» Бірің байланыс орталығының жұмысы туралы

«Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қажетті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету – бұл басым міндеттердің бірі болып табылады.Барлық ХҚКО-ларда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустар немесе шақыру тетіктері орнатылған және біздің тарапымыздан көрсетілетін қызмет түрлерін кедергісіз алуына жағдай жасалған. Мобильдік ХҚКО шығу қызметі І және ІІ топтағы мүгедектерге көрсетілетді. Бұл санаттағы азаматтар call-орталыққа1414 нөміріне телефон шалып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш береді, қажетті деректер алынып өңделеді. Түскен өтінішке сәйкес ХҚКО қызметкерлерІ өтініш берушімен байланысып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізімін ұсынады және өтініш берушінің келісімімен бару үшін қолайлы уақытты белгілейді.Мобильдік топ өтініш берушінің үйіне регламентте белгіленген мерзім ішінде барып, құжаттарды қабылдауды және беруді жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, өтініш беруші келісімімен интернет желісіне кол жетімділігі бар дербес компьютер болса, ХҚКО қызметкерлері электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға үйретеді. eGov арқылы салық, баж, айыппұл секілді қызметтерді төлеу, баланы балабақша кезегіне қою, мекенжай анықтамасын, мүгедектігін растау анықтамаларын алу мүмкіндігін көрсетіп үй жағдайында үйренуіне ықпал жасайды.

   
0
0
336

Осы тақырып бойынша

1 және 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға «1414» Бірің байланыс орталығының жұмысы туралы - Yvision.kz