1 шілдеден бастап науқастардың амбулаторлық картасы қажет болмайды – Денсаулық сақтау министрлігі
Оның айтуынша, Қазақстанның 8 аймағы қағазсыз ауруханаларда пилоттық жобасын іске қосқан. Оның ішінде Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары бар.
«1 шілдеден бастап қалған өңірлер, соның ішінде Алматы мен Астана қалалары пациенттерді қағазсыз түрде есепке алу үшін шаралар жүргізуде, яғни емханада амбулаторлық карталар қолданылмайтын болады. Ал 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тегін медициналық көмек көрсететін барлық медициналық ұйымдардың 100 пайызы тек ақпараттық жүйелерде жазылады, бұл жазбалардың қағаз қайталамасын қоспайды. Пациенттерге амбулаториялық карталарды, флюорографиялық көрсетпелерді тасып жүрудің қажеті жоқ, оларда өздерімен тек жеке куәлік ғана болуы керек», - деді вице-премьер Үкімет отырысында.
Қазақстанда мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін 900-ден астам медициналық ұйымдар бар, яғни олар тегін медициналық көмек көрсетеді. Олардың ішінде - жеке меншіктің көлемі 35% (бұл «Medicare», «Meirim» және басқалары), қалғаны – мемлекеттік меншікте.
