Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесіне орай полиция қызметкерлері арасында жеңіл атлетикадан жарыс өткізілді

Бүгін, ағымдағы жылдың 29 сәуірі күні «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мемлекеттік мерекесіне орай,  Қызылорда облысы ішкі істер департаментің қызметкерлері арасында жүгіруден эстафеталық жарыс өткізілді. Эстафеталық жарыстың өткізілу мақсаты – полиция  қызметкерлері  арасында спортты, оның ішінде жеңіл атлетиканы кеңінен насихаттау, салауатты өмір салтын дәріптеу, қызметкерлердің дене шынықтыру дайындығын жоғары деңгейде ұстауын қамтамасыз ете отырып, спорттық даярлығын көтеру болып табылады. Эстафеталық жарыс бүгін сағат 07.00-де  Қызылорда қаласы орталығындағы Айтбаев көшесі бойындағы  айналмалы жолдан басталып,  «Тағзым алаңында» мәресіне жетті. Командалық жарысқа 5 спортшыдан жасақталған 11 команда, барлығы 55 қызметкер қатыстырылды. Жарыс ережесі бойынша әр спортшы 100 метр қашықтыққа жүгіріп, эстафета таяқшасын команданың келесі мүшесіне тапсыру қажет. Жарыс қорытындысы бойынша мәре сызығын бірінші кескен команда, жарыс жеңімпаздары болып табылады.

Жарыс қорытындысы бойынша І орынды  ОІІД жедел-криминалистика басқармасының командасы иеленсе, ІІ орынға  Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының командасы және ІІІ орынға Кадр жұмысы басқармасының командасы табан тіреді.

«Тағзым алаңында» жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қызылорда облысы ішкі істер департаменті басшылығы тарапынан мадақтау қағазымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетерлік жағдай, жеке құраммен тәрбие жұмысын ұйымдастыру, қызметкерлердің көпшілік-спорттық шараларға қатысуын назарда ұстау арқылы ұжымда моральдық-психологиялық, физиологиялық тұрғыда шыңдалған қызметкерлерді қалыптастыру мәселелері Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Кадр жұмысы басқармасының айрықша бақылауындағы іс.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
544

Осы тақырып бойынша

«1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесіне орай полиция қызметкерлері арасында жеңіл атлетикадан жарыс өткізілді - Yvision.kz