Мазмұнға өту

Жаңа

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!«Ауылдың дамуы – бұл бүкіл еліміздің дамуы» Тұңғыш Президент – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ə.НазарбаевҚұрметті Ақоба ауылдық округінің сайлаушылары!Мен, Жаналиев Мақсат Нұрболұлы, осы Жәнібек ауданында туып-өстім. Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «инженер-механик» мамандығы бойынша бітіргеннен кейін ауданымыздың дамуына өз үлесімді қосу мақсатыммен туған ауданға келіп қызметімді бастадым.Еңбек жолын Тау ауылынан бастап, Жәнібек және Ақоба ауылдарында тәжірибемді шыңдадым. Одан соң 2017 жылы аудандық мәслихат депутаттарының таңдауымен Ақоба ауылдық округіне ауыл әкімі болып сайланып, ауылымыздың дамуына үлес қосуға бел будым. Еңбек ете жүре «құқық танушы» мамандығы бойынша білім алдым.Елмен етене ара…

0
0
216

"Кедергісіз келешек" жобасы аясында қабылдау өтті

"Кедергісіз келешек" жобасы аясында қабылдау өтті

Бүгін "Nur Otan" партиясы Тасқала аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кестесіне сай "Кедергісіз келешек" жобасы аясында ұжымдық қабылдау аудандық партия төрағасының бірінші орынбасары, аудандық маслихат депутаты Л.Жұбанышқалиева, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Кентоғаева,

аудандық ауруханасының кардиолог дәрігер, аудандық маслихат депутаты А.Бактыгереева, "Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамы" қоғамдық бірлестігінің Тасқала аудандық филиалының төрағасы А.Губайдуллин қатысуларымен өтті . Кездесу барысында көтерген мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.

0
0
206

Семей полигонының жабылуына 30 жыл.

Семей полигонының жабылуына 30 жыл толуына байланысты отырысы өтті.

Семей ядорлық сынақ полигонының жабылуына биыл 30 толды. 40 жылдан астам уақыт халыққа зардабын тигізген полигон Елбасының бастамасымен 1991 жылы 29 тамызда жабылды. Осылайша егемендігін енді алған Қазақстан бүкіл әлемге ядорлық қарудан ерікті түрде бас тартқан бейбіт өмірдің жаршысы ретінде таныла бастады. 29 тамыз- тарих бетіне халыққа қасірет пен үміт сыйлаған күн ретінде жазылады.

«Невада –Семей» ядролық қозғалысының белсенділерімен, «Зейнеткер» БПҰ мүшелерімен дөңгелек үстелде кездесу өткізілді. Отырыста, Семей өңірінде жүргізілген сынақ полигоны жабылғанымен, одан зардап шеккендерді әлеуметтік қорғау, сауықтыру мен оңалту шаралары туралы, елде заманауи медициналық қызмет көрсетілуі тиіс деген оймен аяқталды.

0
0
214

Спортшылар күнімен!

Құрметті СПОРТШЫЛАР-Мерекелеріңіз құтты болсын!Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Қазақ елінің спорт саласындағы жетістіктері мен табыстары арта берсін!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Спорт мерекесімен құттықтаймын!!!

Ізгі ниетпен "Nur Otan" партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Байгунысов

0
0
199

Өңірлік қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Қаратал аудандық «Nur Otan» партиясы жанындағы отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау, жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мәселелері жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

0
0
197

Абай атамызға арналған бюст Сеул қаласына қойылды

Корея астанасы Сеул қаласы әлемнің ірі өнеркәсіп және қаржы орталығының бірі болып есептеледі, осы алпауыт қалада қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлына бюст қойылды. Бұл біздің рухы

мыз бен мәртебемізді көтеретіні сөзсіз.

Еліміз дамып, өркендей берсін!

0
0
216

Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы ZOOM желісі арқылы онлайн форматта өтті.

әлеуметтік қолдау, тұрғын - үй беру, көтерме жәрдемақы арқылы;- Ауданның шаруа қожалықтарын және ұйымдарымен меморандумдар жасау арқылыжұмыссыз 1156 жастарды жаңа жұмыс орындарына орналастыру;- "Жас кәсіпкер" жастар бизнес-бастамалары бағдарламаларын іске асыруға және жыл сайын кемінде 50 грант бере отырып, жастардың өз бизнесін ашуға жәрдемдесу мәселелері бойынша тыңдалынды. Отырыс барысында Жастарды қолдау жөніндегі кеңес төрайымы Досалы Балжан ерболқызы бұл мәселердің орындалып,бақылауға алынуын тапсырды.

0
0
218

Төс белгісімен марапатталды

Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласы

13.08.2021 жылы Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы кәсіби мереке спорт күнін атап өтті. Салтанатты шарада спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев құттықтау сөз сөйлеп, спорт саласында қызмет атқарып жүрген барлық мамандарды кәсіби мерекемен құттықтады. Жиын соңында Қаратал ауданының бірқатар қызметкерлері мен жаттықтырушылары, ардагер спорт мамандарын арнайы диплом, облыс әкімінің құрмет грамотасы және спортқа еңбегі сіңген төсбелгімен марапаттады. Алимбетов Жолдасбай Әкімбайұлы "Алматы облысы спортының дамуына қосқан үлесі үшін" төс белгісімен марапатталды.

0
0
317