Маңғыстау облысында 600 ірі және 6 мыңға жуық үй қожалықтарына қаржылай қолдау көрсетілді
Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл мәлім етті.Биыл Маңғыстау облысында қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларға қаржылай қолдау көрсету үшін Үкімет резервінен 1,9 млрд теңге бөлінді. Қайтарымсыз қаражат төрт түліктің аналық басы үшін мал азығына жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге берілуде.Қазіргі таңда бөлінген қаражаттың 57%-ы игерілді, яғни 5900 жеке қосалқы үй шаруа қожалықтарына 745 млн теңге және 575 шаруа қожалығына 395 млн теңге қаржылай мемлекеттік қолдау көрсетілді.Қазіргі уақытта шаруаларды жем-шөппен қамтамасыз етіп, мал азығы тапшылығын жою мақсатында бірқатар жұмыс жүргізіліп жатыр.1. Жергілікті бюджеттен 150 млн теңге бөлініп, «Каспий» ӘКК АҚ арқылы аталған қайтарымды қаржыға 15 ші…
