Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы
27 қазан күні Алматы облыстық партия филиалында облыстық экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасында 5 жобаны іске асыру арқылы «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА және «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы аумағына инвесторларды тарту, «Еңбек» бағдарламасы аясында жыл сайын 1200 мемлекеттік грант, 1100 микро кредит бөлу, қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы бойынша жыл сайын кемінде 25 басым жобаны қаржыландыру, жұмыс істеп тұрған ШОБ кәсіпорындарының санын 125,9 мыңға дейін және ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар санын 269,9 мыңға ұлғайту, Инженерлік және әлеуметтік дамуы дамыған Панфилов ауданындағы Нұркент қаласының…