Мазмұнға өту

Жаңа

20 жасқа келіппіз...

Сағынышым сарқылмайтын сезім боп,
Жағдайымды жайып салар сөзім жоқ.
Ғибрат алар ғайып болған күндерім
Бүгін менің үндемейтін кезім көп.

Мендік жеңіс құзар шыңда қалған ба?
Тыпыршуға кінәлі әлде талғам ба?
Көздерімде жасырулы жан-мұңым
Езуімнен күлкі көрсең,алданба.

Құмарым жоқ байлыққа да таққа дым,
Жасандылық жайлауына жақпадым...
Тәп-тәуір-ақ мақсатым бар жолымда
Жанымды ұғар жолаушыны таппадым.

Битке өкпелеп,тоным тағы өртемен,
Өмір осы- сынақ алаң ертеден.
Махаббатым. Жылылығым жақынға
Ішімдегі інжу маржан-мәртебем.

Мендік бүгін тірлік басқа,күйбелең.
Сау басыма сақинамды үйген ем...
Кей кездері өзіме-өзім жол жүріп
Үнсіздікте үлбіреген күйге енем.

Адам өзі қызық екен бұл жаста...
Жиырмаңда, өлең өріп,жыр жастан
Өміріңнен түңілу мен күрессіз
Өлім жайлы толғануың бір басқа.

0
0
806

Болат Әбілов пен Әміржан Қосановтың тұтқындалуына байланысты

Болат Әбілов пен Әміржан Қосановтың тұтқындалуына байланысты Қазақстан студенттері мен жастар тәуелсіз кәсіподағының мәлімдемесі Қазақстанның студенттері мен жастарының тәуелсіз кәсіподағы Болат Әбілов пен Әміржан Қосановтың әкімшілік тұтқындалуына қарсы наразылығын білдіреді. Біз, студенттер мен жастар, бейбіт митингтер мен демонстрациялар немесе шеру ұйымдастыру құқығы Қазақстанның Конституциясымен бекітілген, сондықтан оппозиция белсенділері мен жетекшілеріне айыппұл салу мен тұтқындау заңсыз әрі демократияға қарсы деп ойлаймыз. Қазақстанның студенттері мен жастарының тәуелсіз кәсіподағы биліктің озбырлығымен күресуші қайраткерлерді, қозғалыстарды және қоғамдық ұйымдарды қолдайды. ҚСЖТК Заявление НПСМК по Болату Абилову и Амиржану Косанову Независимый профсоюз студентов и молодежи Каза…

0
0
1033

Өлең сөздің патшасы....

Тамшыдайсын жанарыма дарыған, Мен туылдым бұл өмірге жаңадан, Кейде ұқсатып сені өзіме ойланам. Туғандаймыз бір ата анадан Кейде налып қабақ шытып тұрамыз Кейде өле ынтық болып қаламыз Түтіндеген шоқ боламыз кейде біз Енді бірде жалын болып жанамыз Шаттығымсын шашу болып шашылған Жүректегі жылуымсын асыл ән Соқпақтарда егер шалыс бассам мен Табылшы сен сүйіктім ау қасымнан Жанарыңнан жылу көрдім қайтадан Мұны қыс та ақ қарымен байқаған Не күтсе де алдымыздан ардақтым Мен өзіңді сүйемін деп айталам Шашылады жауған қармен ойларым Ойларыммен өтер али айларым Кеше бүгін ертеңгілік мақсатта Өзің жайлы келіп тұр ғой ойлағым. **** Саттілік тілеп тұрып өміріне, Көтерінкі күй сыйлап көңіліне. Салемімді жібердім шын ниетпен, Ең бақытты адамның логиніне! **** Құдайдың құдіретіне таң қаламын, Жолында…

0
0
1195

Даналардан шыққан сөз

Жастық шақ ерлік жасайтын шақ. Стендаль Кімнің болса да патриотизмі сөзбен емес, іспен дәлелденеді. Өз отанын жан тәнімен сүю адамшылықтың асқар шыңы Г. Белинский Жеке адам әлсіз- ал қоғам қосылса ,үлкен күш. Ұлылардың рухты сөзін тілге тиек ете Халықымыздың болашағын тек Қазақ тілімен, мәдениетімен, байланыстыру біздерге міндет Егер отан үшін барлығын істемесең, жеткіліксіз істегенің М. робеспьер Ел үшін аянба ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба жігіттігіңе сын Б. Момышұлы. Хаплық пікірі қалтықсыз пікір. Эсхил Ақиқат қаншама алға жетелегенмен тұман басқан дәуірде адаспай тұра алмайды екенсің Ш. Уәлиханов Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, ел бірлігін сақтайтын татулықты айт Жамбыл Әр бір ер жүрек әр бір шыншыл адам өз Отанына абырой әкеледі Р. Роллан Үрей рухтың дәрменсіздігі салдарын…

0
0
5492

Кәсіби біліктілік – жарқын болашақ кепілі

Кәсіптік білім беру – заман талабы. «Оқыту мен жұмысқа орналасуға септесудің тиімді жүйесін жасау» бастамасы Алматы облысында қолдау тапты. Түрлі жұмысшы кадрларды оқытатын Талғар қаласындағы №4 кәсіптік лицей жергілікті билікпен кеңесіп, сұранысқа лайық мамандық қатарын ұлғайтпақшы. Талғар қаласындағы №4 кәсіптік лицейде қазір 600-ге жуық бала оқиды. Олар газэлектрдәнекерлеуші, аспаз, тігінші, автомобиль жөндеуші және электромонтер мамандықтары бойынша білім алады. Мұнда атаулы кәсіп түрін меңгеруге бар жағдай жасалған. Электргаздәнекерлеуші. Бұл кәсіп иелері қазір қай жерде болмасын сұранысқа ие. Тұрмыстың кез-келген саласына қажет. Табысы да жаман емес. Сондықтан, бұл мамандықты таңдаушылар да көп. Дидар Қасен, электргаздәнекерлеуші:Қазір ең керекті мамандық ол сварка. Түрлі ғиммаратта…

0
0
1626

Жамбыл Жабаевқа -166 жыл

Алматы облысы, Жамбыл ауданының жұртшылығы 16-шы жыл қатарынан игі дәстүрден танған емес. Жамбыл Жабаев туған ақпан айында арнайы айлық өткізеді. Қазақ атын әлемге танытып, өнерін өрге сүйреген жыр алыбының туғанына биыл 166 жыл. Осыған орай, ауданда «Жамбыл күні» деген атаумен жырау рухын асқақтатар насихат істер атқарылды. Күні кеше Ұзынағашта «Жамбыл жыры жырлайды» атты жас айтыскер ақындардың жыр додасы ұйымдастырылса, бүгін Жамбыл ауылында айлық қорытындыланып, салтанатты кеш өткізілді. Ақындар мен батырлар елінде мақтаныш тұтар тұлғалар жетерлік. Солардың бірі – Жамбыл Жабаев. Көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған, қазақ жырының дарабозы, ғасырға жуық ғұмыр кешті. Қазақ мәдениеті, әдебиетіне өлшеусіз мол мұра, сарқылмас қазына қалдырды. Ақынның туған күніне арналған кеште жиылғандар…

0
0
1042

Сайт немесе блог арқылы ақша табуды үйренеміз!

ақша туралы

Сәлем Қадірлі де Құрметті Достар!

Бүгін менің блогым үшін жақсы күн!

Себебі, мен ақша туралы және ақша табу жолдары туралы өте пайдалы пост жаздым!!!

Пост сіздерге ұнайды деп, ойлаймын! Пост арқылы - google adsense арқылы ақша табуды үйреніп алуға болады...

Постыны толығырақ оқу...

0
0
606

пиар материалын безендіруде қандай компьютерлік бағдарламаларды пайдаланған тиімді?

Компьютерлік бағдарлама (Programm) - 1) белгілі бір алгоритмді жүзеге асыру мақсатында мәліметтер ӛңдеу жүйесінің нақты құрауыштарын (компьютерді) басқаруға арналған мәліметтер тізбегі; 2) орындалуға (ӛңделуге) тиіс реттелген командалар тізбегі, есеп шығару алгоритмін сипаттайтын программалау тілінің сӛйлемдер жиыны. Есеп шығаруға, сондай-ақ берілген мәселені шешуге арналған, қабылданған синтаксиске сәйкес жазылған компьютер командаларының (нұсқауларының) реттелген тізбегі; 3) программалар мен олардың үзінділеріне, бағыныңқы программаларға, процедураларға, программалық модульдерге, машиналық программалар мен олардың үзінділеріне арналған жалпы атау.[1]MS Power Point – кӛрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы. Кӛрме – Сіздің қандай да бір қызметіңізге байланыс…

0
0
1047

конвергенттілік:журналистика мен қоғаммен байланыс салаларында

Конвергентті журналистика – (Convergence journalism) ортақ ақпараттық ресурстарға ақпараттық және коммуникативті технологиялар интеграциясын ортақтастыру, біріктіру процесі. Бүгінде қазіргі заманғы медиа – компаниялар өзінің ақпараттық және ойын-сауық өнімдерінің алуан түрлілігін арттырып, медиаөнімнің жаңаша түрлерін ұсынуда: он-лайн газеттер, интернеттегі радио, веб – телевидение.Конвергенция сөзі латынның convergo жақындастырамын сөзінен шыққан.Ал,ағылшын тілінде convergence сөзі бір орынға шоғырлану дегенді білдіреді.Пашкова.М. канадалық БАҚ және коммуникация зерттеушісі Дэнис Макуэйл ұйғарымын негізге ала отырып, бұл – бір мазмұндағы өнімнің әр түрлі жолдар мен каналдар, әр түрлі құралдар арқылы таратылуы деп анықтама береді.Кең мағынада конвергенция тек құбылыстардың өзара ықпалдаст…

0
0
1765