Мазмұнға өту

Жаңа

Бұлттық технология

Үлкен ресурстарды қажет ететін қиын есептерді шешу үшін тұтынушы өзінде жоқ көптеген серверлерді, программаларды бұлттар тарапынан пайдалана алады;Тұтынушы компьютерлік құрылғының осалдығына немесе оның сынып, бұзылуына немесе жұмыс істейтін программаның тоқтап, бұзылып қалуына тәуелді болмайды;Тұтынушы кез келген жерден, кез келген уақытта ғаламторға қосылған кез келген компьютерлік құрылғымен өз дереккөздерімен жұмыс істей алады;Тұтынушы өз дереккөздерімен басқа адамдармен еш қиындықсыз бөлісіп, сол дереккөздерімен олармен бірге қосылып жұмыс істей алады;Жеке компьютердегі программалармен салыстырғанда бұлттық қызметтер көбінесе тегін немесе бағалары айлық жарна ретінде өте арзан келеді;Кейбір жобаларды "бұлтқа шығарудың" әсіресе ірі компанияларға тиімді болатын жағы- аппараттық және пр…

0
0
485

Ауыл үлкендерін мерекемен құттықтады.

1-наурыз – талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен адамның адамға құрмет көрсететін күні, барлық ұлттың бір-біріне және қазақтарға алғыс айту күні болып белгіленген болатын. Бүгін осы «Алғыс айту күніне» орай БҚО Хан Ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығының директоры, аудандық мәслихат депутаты Ғ.Т.Махимов бастаған музей ұжымы ауылымыздың 80-90 жас аралығындағы ардагерлерді құттықтап, сый-сияпат табыстады. Саналы ғұмырында ұрпақ тәрбиелеп, еңбегімен елдің дамуына үлкен үлес қосқан аға-апаларымызға алғысымыз шексіз!

0
0
186

Ауыл үлкендерін мерекемен құттықтады.

Хан ордасы ауылында көктемнің алғашқы күні 1-наурыз "Алғыс айту" күніне орай, "Орда" БПҰ төрағасы М.Сисенов, әлеуметтік сала қызметкерімен және Хан ордасы ауылдық жастармен жұмыс жөніндегі кеңесші маманымен бірлесе отырып, ҰОС соғысы ардагеріне және ауылымыздың ардагер ұстаздарына алғысын білдіріп, шағын сыйлықтарын ұсынды.

0
0
156

Аналарға алғыс айтылды.

1-наурыз "Алғыс айту" күніне орай Бөрлі ауылдық Мәдениет үйінің және әлеуметтік қызметкерлердің ұйымдастыруымен "Алғысым шексіз "атты мерекелік шара өтті.Алтын алқа,күміс алқа иегерлеріне арнайы мерекелік дастарқан жайылды.Аналарға арнап ән шырқалып,би биленді. Сондай-ақ "Т.Масин" БПҰ төрағасы М.Қитанов сөз сөйлеп ауыл тұрғындарына,аналарға өз АЛҒЫСЫН жеткізсе, "Nur Otan" партиясының фракция мүшесі, аудандық мәслихат депутаты А.Бейсова да алғыс айтып, шағын сыйлықтарын табыстады.

0
0
148

«Nur Otan» партиясының атауы «АMANAT» деп өзгертілді.

Жаңа атауды Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ұсынды.

«Мен партиямызды ресми тұрде «Аманат» деп атауды толық қолдаймын. Қазір әлемдегі ахуал өзгеріп жатыр. Осындай аумалы-төкпелі заманда біз жаңа даму кезеңіне өттік. Барлығымыз Жаңа Қазақстанды құруға жұмыла кірісіп жатырмыз. Партия жаңа бастамаларға ұйытқы болуы тиіс. Сондықтан бүгінгі басты мәселе – партияның жаңғыртылуы. Осыған орай, саяси ұйымның атауын «Аманат» деп өзгерту ұсынылды. Бұл пікірталасқа мен де қатыстым. Бірнеше ұсыныстың ішінен «Аманат» деген атауға тоқтадық. Бұл - ұлт үшін де, халық үшін де қастерлі ұғым. Бұл мемлекеттілік пен ұрпақ жалғастығын көрсетеді», - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы

0
0
164