Мазмұнға өту

Жаңа

Білім беру ұйымдары қызметкерлерімен кездесу

Т.Даргужиев қазіргі таңда білім және ғылым жүйесінің алдында жаңа мақсаттар мен міндеттер тұрғандығы және оларды шешу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірқатар стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға негізделгенін, білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы әзірлендігін айтып, бұл «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам», «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Қазақстан халқына арналған Жолдауда берілген тапсырмалар толығымен ескерілгендігі жөнінде кеңінен тоқталып өтті.

Президент өз Жолдауында да Білім беру саласы ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқарады деп айтқан болатын,- деді партия филиалының атқарушы хатшысы Т.Даргужиев

0
0
205

«Қариясы бар ел-қазыналы ел»

Аудандық кітапхана мен Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Қариясы бар ел-қазыналы ел» атты қайырылмдылық айына арналған еңбек ардагерлерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында аға буын өкілдері еңбек жолы мен өмір жолына қатысты сұрақтарға қуана жауап беріп, өздерінің көп жылдық жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Үздік дәстүр сабақтастығы іс-шараның арқауы болды. Ұйымдастырушылар еңбек ардагерлері мен зейнеткерлерге тәлімгерліктері үшін алғысын айтты

0
0
220

Ханкөл ауылының шекарасына белгі орнатылды

Ауданымызда Жусандыой ауылдық округіне қарасты Ханкөл ауылы аумағындағы Самара – Шымкент автокөлік жолы бойынанда «Қаратөбе ауданы» жазуы бар арнайы белгінің ашылу салтанаты өтті. Көз тартар белгіні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы аясында Ханкөл орта білім беретін мектебінің 2005 жылғы түлегі Асылбек Елешов орнатып, туған жеріне тарту жасады. Аудан атауы жазылып, эмблемасы бейнеленген белгінің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Қадыржан Сүйеуғалиев, Ханкөл ауылының тұрғыны партия ардагері Ғабдрахман Бисеғұлов, партияластарымыз, аудандық маслихат депутаты Классен Ирина Петровна қатысты. Туған жердің көркейіп, гүлденуіне өзіндік үлес қосқан меценатқа аудан, ауыл халқы атынан алғыс…

0
0
389

Мәңгілікке маздаған қыршын ғұмыр

Кеңес Одағының батыры, қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай бүгін аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Мәңгілікке маздаған қыршын ғұмыр» атты ерлік сағаты оздырылды.Шараны кітапхананың тұрақты оқырманы Әминат Нұрланқызы жүргізді.Мәншүктің соғысқа баруға өтініш жазып, аттануы шағын қойылыммен қойылып, экраннан «Мәншүктің бейнесі» атты бейнеүзік оқырмандар назарына ұсынылды.Кітапхананың оқырманы Ижан Райымбек «Мәншүкке арнау» өлеңін оқыса,Талғат Бисенғалиев «Қазақ қызы» әнін шырқады.Адамзат тарихына есімін қанмен жазып кеткен қазақтың қайсар қызы туралы кітапхананың тұрақты оқырман, ұстаздары А. Ғабиденұлы мен Н. Рахметоллақызы қазақ қызының өмірі мен ерлігі турасында тағылымды естеліктермен бөлісті. М. Мәметоваға арналған «Мәншүктің өшпес ерлі…

1
0
251

«Бірлік – елдің әл-ауқатын арттырудың басты кепілі»

Бүгін ағымдағы жылдың 18 қазанында аудандық " Достық үйiнде" "Бiрлiк - елдің әл-ауқатын арттырудың басты кепiлi" атты тақырыбында "AMANAT" партиясының саяси кеңес мүшелері мен кәсiпорындарда жұмыс жасайтын жастар бас қосты. "АқсайГазСервис" акционерлік қоғамның және "АқсайЖылуҚуат" мекемелерiнен келген жастар ел бiрлiгi туралы ойларын ортаға салды. Отырыста Бөрлі аудандық мәслихаттың хатшысы - Ермекбаев Қайрат Төлегенұлы тәуелсіздiктiң қадiрi жөнiнде, жастардың белсенділігі мен ел бiрлiгi жөнінде өз ойларымен бөлiстi, тарихи деректер келтiрдi. Басқосу барысында "Жастар практикасы" бағдарламасы мен "Дипломмен ауылға" бағдарламаларын жетілдіру керекті туралы жастар өз ұсыныстарын айтты. "АMANAT" партиясының "Ауыл аманаты" мен "Жер аманаты" жобалары туралы түсінік берілді.Партия филиалының А…

2
0
227

Бұлақты орта мектебінде кездесу өтті

Кездесуге мемориалдық музейдің ғылыми қызметкері Нұрғожа Қыдыр және мектеп ұжымы қатысты.

Жиын барысында мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауы талқыланды.

0
0
194

"Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында кездесу өтті

Бүгін 2022 жылдың 18 қазан күні "Пугачев" БПҰ - да "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында ауылдың бірқатар көп балалы аналарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында "Пугачев" БПҰ - ның төрағасы М.Изтелеуов көп балалы аналарға жылы тілектерін арнап, олармен мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың биылғы 01 қыркүйектегі Жолдауын талқылады. Кездесуге қатысушылардың пікірінше бұл Жолдауда халықтың әл ауқатын көтеретін жаңалықтар бар екенін атап өтіп, соның ішінде әсіресе Ұлттық қордың жыл сайынғы 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады деген шешім көңілімізден шықты деді.

3
0
241

Мәдениет үйінде өткен кездесу

Бүгінгі күні Мерей ауылындағы Мәдениет үйінде «AMANAT» партиясы Қарасай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қаныбек Айтжанов, ардагер ұстаз, Қарасай ауданының Құрметті азаматы Ұлтусын Бархинова және Қарасай ауданының Құрметті азаматы, Алматы облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, партия ардагері Амина Абдрамановамен бірлесе Бастауыш Партия ұйымының мүшелерімен кездесу өткізді.

Жиын барысында мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауы талқыланды.

0
0
183

"Хиуаз Доспанова" тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды

18 қазан күні мекемемізде екінші дүниежүзілік соғыста ерлігімен көзге түсіп, жау әскерін жермен-жексен еткен қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы Хиуаз Доспанованың туғанына – 100 жыл толуына орай «Қазақтың қанатты қызы – Хиуаз Доспанова» тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды. Шараны мекеме директоры Н.Мизамбаев талай рет көкке самғап, жаудың сағын сындырған қазақ қызының есімін елдің ұмытпағанын әрқашан халық, ұрпақ жадында қалатынын сөзге тиек етті. Оқу-тәрбие ісінің орынбасары С.Избасова Хиуаз Доспанованың өмір жолы, көрсеткен ерлігі туралы өз баяндамасында мәлімдеді. Іс-шараның мақсаты ерлік есімдерін ұлықтау және өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, Отанға деген мақтаныш сезімін ояту, Қазақстанның қаһармандық ерліктерге толы тарихына құрметпен қарауға үйрету.

0
0
167