Мазмұнға өту

Жаңа

«Мейірім»: мейірім әділдіктен де маңызды

Мейірімділік танытуға мүмкіндігің болса, ұстазыңыздан да бұрын әрекет етіңіз деп үйреткен Конфуций. Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтерді тек мемлекет қаржыландыратын медициналық-әлеуметтік мекемелер ғана емес, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы үкіметтік емес ұйымдар да көрсете аладыОсы игі миссиямен Алматыда бірқатар үкіметтік емес ұйымдар айналысуда. Қазақстан Республикасындағы бұл саладағы пионер 2004 жылы кәсіпкерлер отбасының қайырымдылық қаражатымен құрылған «МЕЙІРИМ» - мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді оңалту орталығы болып табыладыОл 3 жастан 15 жасқа дейінгі ерекше дене және білім беру қажеттіліктері бар балалармен күндізгі жұмыс режимінде жұмыс істейді. Орталық церебральды сал ауруы, тірек-қимыл аппаратының әртүрлі этиологиялы бұзылыстары және қатар жүрет…

0
0
277

📷Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың салтанатты ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінен

Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Мен сайлауалды сөздерімде ауылды өркендету ісіне баса назар аудардым. Бүгінде Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы ауылда тұрады. «Ауыл – ел бесігі» деп халқымыз бекер айтқан жоқ. Сондықтан ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын. Сол үшін мен бүгін ауылды дамыту мәселесі туралы Жарлыққа қол қоямын»

#Toqaev2022

1
0
235

📷Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың салтанатты ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінен

Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Қазақта «аманат» деген асыл ұғым бар. Халқымның сенімі – маған аманат. Осы аманатқа адал болу – мен үшін қасиетті парыз. Ел үмітін ақтап, Қазақстанды өркендеген, бақуатты мемлекетке айналдыру үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Сайлауға қатысқан барша жұртқа ризашылығымды білдіремін»

#Toqaev2022

1
0
244

📷Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың салтанатты ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінен

📷 Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Шын мәнінде, ел сенімін еш нәрсемен өлшеу мүмкін емес. Халықтың сенімі – ең құнды нәрсе. Сайлау нәтижесін халқымыздың саяси бағдарыма – бағасы, алдағы жоспарыма – батасы деп қабылдаймын. Халқының қолдауына ие болып, ел тізгінін ұстау – ер азамат үшін ең биік мәртебе әрі орасан зор жауапкершілік.

Алдағы 7 жылды бүгінгі буынның және келешек ұрпақтың алдындағы борышымды өтеуге берілген бірегей мүмкіндік деп білемін. Қазақта «аманат» деген асыл ұғым бар. Халқымның сенімі – маған аманат. Осы аманатқа адал болу – мен үшін қасиетті парыз. Ел үмітін ақтап, Қазақстанды өркендеген, бақуатты мемлекетке айналдыру үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын»

#Toqaev2022

1
0
219

📷Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың салтанатты ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінен

Президент:

«Қоғамда жаңа құндылықтар орнықтырып, жақсы қасиеттерге ие бола алмасақ, реформаның бәрі бекер. Көк байрағымыз, төлқұжатымыз және мемлекеттік тіліміз біздің біртұтас халық екенімізді білдіреді»

#Toqaev2022

1
0
269

📷Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың салтанатты ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінен

📷 Қасым-Жомарт Тоқаев:«Қазір – сайлаудағы жеңісті тойлайтын кез емес, аянбай еңбек ететін кез. Сол себепті, арқаны кеңге салмай, бірден іске кірісуіміз керек, босаңсуға болмайды. Осы орайда, ең алдымен қолға алатын бірнеше мәселеге арнайы тоқталғым келеді.Мен сайлауалды сөздерімде ауылды өркендету ісіне баса назар аудардым. Бүгінде Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы ауылда тұрады. «Ауыл – ел бесігі» деп халқымыз бекер айтқан жоқ. Сондықтан, ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын. Сол үшін мен бүгін ауылды дамыту мәселесі туралы Жарлыққа қол қоямын.Осы құжат арқылы Үкіметке ауылды дамытудың 5 жылға арналған нақты жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Бұл менің жаңа президенттік мерзімдегі бірінші Жарлығым болады. Үкімет ауылды дамытуға арналған барлық жобаны жүйелі түрде реттеп, жин…

1
0
196