ЕурАзЭҚ-қа 50 ел қызығушылық танытуда - Назарбаев
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭК) Иран, Мысыр, Үндістан, Израиль, Оңтүстік Кореямен еркін сауда аймағын құру туралы келіссөздер жүргізуде. Одаққа деген қызығушылықты 50-ге жуық мемлекет көрсетіп отыр, деп мәлімдеді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. «Еуразиялық экономикалық одақ дамуын жалғастыруда. Ол бізге қолайсыз әлемдік жағдайдың әсерін азайтуға көмектесті. 2017 жылдың 9 айы ішінде одақ елдерінің арасындағы тауар айналымы үштен бірге өсті. Бүгінгі жағдайда ең үлкен инвестициялық және инновациялық әлеуетке ие Азияның, Еуропаның және Солтүстік Американың ірі елдерімен тығыз ынтымақтастықты дамыту маңызды. Одаққа әртүрлі форматтағы көптеген елдер бірігуде. 50-ге жуық ел өздерінің қызығушылығын көрсетуде », - деді Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы саяси қайраткерлер клубының үшінші…