"Атақты" деп біз кімдерді есептейміз? Интернет желісінде мыңнан аса оқырманы бар жанды ма, әлде еліміз,жеріміз үшін жақсылықты бойынан асырып жүргендерді ме? Жалпы адамдардың көбісі атақты болуға құлшынатыны рас."Атың шықпаса, жер өрте"- деген мақал қазіргі, XXI ғасыр жастарына арналғандай. Instagram желісіне бет бұрсақ болды, атақты болуға ұмтылатын жас буындардан көз ашылмайды. Барынша өздерін көрсеткілері келетін қоғам жастары: билеп, ән айтып, тіптен кейбіреулерiнен дөрекілік басым. Жалпы, заманымыз өзгеріп, дамыған сайын адамның сана- сезімі өзгеретiні анық. Тек санасыздық бой алмай, заманға қарай дамыса мейлі. Артық қыламын деп, тыртық қылып жатқандар қаншама. Атақты болу әрбір жас буынның арманы болар. Арманның соңынан қуамын деп, сүрініп, құлап, адасып та жатқандар да бар. Негізі…