Мазмұнға өту

Жаңа

«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Қарағанды облысына келді.

Теміртауда эколог белсенділермен өткен кездесуде партияның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бастамалары талқыланады. Сайлауалды бағдарламада ластану деңгейі жоғары елді мекендердегі кәсіпорындардан шығатын қалдықтардың нормативін 40%-ға дейін төмендету көзделген. Су балансын сақтау үшін 14 жаңа су қоймасын салу және жұмыс істеп тұрған 16 су қоймасын қайта жаңарту жоспарланып отыр. Экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келетін қоқыс полигондарының үлесі үш есеге ұлғайтылады. t.me/AMANATPartiyasy

0
0
199

«AMANAT» сайлауалды штабының жұмысымен таныстырды

📷📷📷📷«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келді.📷📷«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев БАҚ өкілдерін кандидаттардың үгіт-насихат және үйлестіру орталықтарының, қоғамдық қабылдау бөлмесінің, медиа-штабтың, коворкинг алаңының, сондай-ақ штабтағы жастар секторының жұмысымен таныстырды.📷📷«AMANAT» партиясының сайлауалды штабы «open space» қағидаты бойынша ұйымдастырылған және аптаның барлық күнінде тәулік бойы жұмыс істейді. Штаб – бұл көпфункциялы сайлау науқанын басқару орталығы. Әр бөлім бірлесіп және жедел түрде белгілі бір шешімдер қабылдайды. Мұнда кандидаттар мен сенімді өкілдердің қатысуымен күнделікті түрлі іс-шаралар, арнайы оқытулар өткізіледі. Дәл осындай фронт-кеңселер барлық аймақта бар», - деп атап…

0
0
268

Теміртауда «AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері экологтармен кездесті

Теміртауда «AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері экологтармен кездесті. Жиында «Арселор Миталлды» экологиялық міндеттемелерді орындауға мәжбүрлеу қажеттілігі талқыланды t.me/AMANATPartiyasy

0
0
168

«Сағынат» дүкенінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауына орай жүргізіліп жатырған сайлау алды үгіт жұмыстары шеңберінде аудандық қоғамдық штабтың мүшелері «Сағынат» дүкенінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

#AMANAT2023

#ДауысберAmanat2023

#ГолосуйЗаAmanat2023

0
0
221

Экологиялық заң нормаларын бұзуға жол берілмейді – AMANAT-тың бағдарламасы

«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері өңірлерде сайлаушылармен кездесуді жалғастырып жатыр. Бүгін партиялықтар Қарағанды облысына келді. Теміртауда экологтармен, қала белсенділерімен және өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдерімен кездесу барысында партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында көрсетілген экологиялық ахуалды жақсарту шаралары талқыланды.📷📷«Экология – азаматтардың өмір сүру сапасына әсер ететін маңызды факторлардың бірі. Сондықтан біздің сайлауалды бағдарламамыздың бүтіндей бір бөлімі қоршаған ортаны қорғауға арналып отыр. Біз өндіруші және энергетикалық компаниялардың заңнама аясында жұмыс істеуін қадағалаймыз. Заң талаптарын айналып өткісі келетіндерге мүмкіндік берілмейді», - деді «AMANAT» Төрағасы Е.Қошанов.📷📷Сондай-ақ, құжатта ластан…

0
0
201

Кандидаттар шаруа қожалығы жұмысшыларымен кездесті.

Кездесуде үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттады. Сондай-ақ қожалықтың тыныс-тіршілігімен танысып, шаруалардың көкейкесті мәселелеріне дең қойды.Өз кезегінде, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Салықов Ербол Ғұмарұлы «AMANAT» партиясының ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған бағдарламасын таныстырды. Сондай-ақ, кездесуде шаруалар тарапынан туындаған жайылым мәселесі, субсидиялау,тиімді мемлекеттік бағдарламалар туралы сауалдарына жауап берді.Сонымен қатар, кандидаттар елімізде еңбек адамының мәртебесі мен табысын арттыруға ерекше көңіл бөлініп жатқанын, партияның бұл бағыттағы жұмысты жандандыруға айрықша мән беретінін атап өтті.Облыстық мәслихатқа кандидат Ораш Нұрхат Серікқалиұлы шаруаларды толғандырған жайылымдық жер, байланыс, электр жарығы сияқты…

0
0
234

Дала жұлдызы

22 ақпанда Ересек мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «Алтынсарин кездесулері» жобасы аясында жазушы, ағартушы-ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Дала жұлдызы» зияткерлік сайысы өткізілді. Сайысқа №18 мектеп-гимназиясының 8 және 9 сынып оқушылары қатысты. Ойын 6 кезеңде өтті. Ойын барысында қатысушылар ұлт ұстазының шығармашылығына, өміріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, жазушының әңгімелерімен, әңгіме кейіпкерлерімен танысып, Ы. Алтынсариннің авторлық жұмбақтарын шешті. Сайыс қызықты әрі тартысты өтті.

Сайыс қорытындысы бойынша 8 сынып оқушыларыжеңіске жетті. Зияткерлік ойын оқушылардың да, ұстаздардың да көңілінен шықты.

0
0
402

Сырымдық «Жастар рухы» ЖҚ белсенділерінің үгіт насихат материалдарын тарату мен ілу жұмыстары

🔰Сырымские активисты молодежного крыла «Жастар Рухы» раздали листовки и расклеили агитационный материал #AMANAT2023 #ДауысберAmanat2023 #ГолосуйЗаAmanat2023

0
0
192