«Сыр елі – жыр елі»
Биылғы жылы "Бір ел – бір кітап" республикалық акциясында бүкілхалықтық оқу үшін екі кітап таңдап алынды: Әбіш Кекілбаев "Аңыздың ақыры" және Әбділда Тәжібаевтың поэзиялары. Акцияның мақсаты - оқуды алға жылжыту бойынша бағдарламаны дамыту, оқу сауаттылығы мен мәдениетін қолдау, ана тіліне деген рухани қарым-қатынасты сақтау, сондай-ақ жастардың адамгершілік және патриоттық ықыласын арттыру.14 қазанда ғылыми-көпшілік әдебиеттер бөлімінде Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетімен бірлесе отырып 1 курс студенттеріне Ә. Тәжібаевтың шығармалары бойынша "Сыр елі – жыр елі" атты әдеби вернисаж өткізілді. Студенттер белгілі қазақ ақыны және драматург, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, өз дәуірінің шыншылдығын бейнелейтін ұлы мұра қалдырған…