«AMANAT» партиясы ауылдың әл-ауқатын арттыруға мүдделі
📷📷«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Айдос Сарым мен Алмас Алматов Қызылорда облысындағы үгіт жұмысы аясында Жалағаш ауданына қарасты Таң және Аққум ауылдық округтеріндегі сайлаушылармен кездесті.📷📷Мұнда кандидаттар «Таң ЛТД» ЖШС еңбек ұжымымен жүздесіп, диқандарға партияның сайлауалды бағдарламасын таныстыпды.📷📷«Біз көктемгі егіс жұмыстарына фермерлер үшін жеңілдікпен жанар-жағармай бөлудің ашық әрі әділ тетігін енгіземіз», – деді Айдос Сарым.📷📷Өз кезегінде, егіншілер қауымы кандидаттарға сәттілік тілеп, өз ұсыныс-пікірлерін жеткізді.📷📷Бұдан соң штаб мүшелерінің үгіт-насихат жұмысы Аққұм ауылында жалғасты. Кандидаттар ауыл тұрғындарымен кездесіп, ауыл азаматтары «Батыс Қытай – Батыс Европа» халықаралық транзиттік автожолдың елді-мекен аумағында жылд…