Мазмұнға өту

Жаңа

Президент жердің шетелдіктерге сатылмайтынын айтты.

Келесі жылы ауылшаруашылығы мақсатындағы Жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексіне қатысты енгізілген мораторий күшін жояды. Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Бірақ, Үкімет ауылшаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін дайындауы тиіс, - деді Қ.Тоқаев

0
0
172

Жыл соңына дейін өнеркәсіп саясаты туралы бірізді заң әзірленеді

Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндет – өнеркәсіптік әлеуетімізді толық пайдалану. Осы саладағы табыстарымызға қарамастан, ішкі нарықтың зор мүмкіндіктерін әлі де болса, толыққанды жүзеге асыра алмай келеміз. Өңделген тауарлардың 3/1-не жуығы шетелден әкелінеді. Ұлттық экономиканың стратегиялық қуатын арттыру үшін тез арада өңдеу ісінің жаңа салаларын дамыту қажет. Өнеркәсіпке қолдау көрсетудің нақты шараларын да жетілдіру керек. Бізде жүйелі әрі біртұтас ұстаным жоқ. Соның салдарынан сансыз көп жобаға қаражатты ысырап етіп отырмыз, - деді Президент дәстүрлі Жолдауында

0
0
303

Ел Президенті Агроөнеркәсіпті дамыту бойынша жаңа ұлттық бағдарламаны әзірлеуді тапсырды

Агроөнеркәсіпті кешенді дамыту туралы мемлекеттік бағдарлама келесі жылы аяқталады. Үкімет пен бизнеске АӨК-ні дамытудың 5 жылдығына арналған жаңа ұлттық бағдарламаны әзірлеуді тапсырамын. Біздің басты міндетіміз – әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету, миллиондаған ауылдық тұрғынның жалақысын көтеру, еңбек өнімділігін 2,5 есеге көбейту және АӨК тауарының экспортын 2 есеге көтеру, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда.

0
0
186

Ұстаздардың жалақысы өседі. Бұл жайында ел Президенті дәстүрлі Жолдауында сөз етті.

2021 жылы қаңтар айынан бастап мұғалімдердің жалақысын 25 пайызға дейін өсіруді тапсырамын. Бұл мақсатта 1,2 трлн теңге бөлінді. Ұстаздардың жалақысы болашақта да көтеріліп отырады. 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамтамасыз етіледі, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

0
0
180

2025 жылға дейін 24 мың шақырым жол қайта жаңғыртылады

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың 1-кезеңі сәтті өтті. Ол елорда мен өңірлерді жалғастыруға мүмкіндік берді. Көлік жүйесінің жаңа инфрақұрылымдық негізі қалыптасты. Елдің жаһандық көлік дәліздеріне жол ашты. «Нұрлы жолдың» 2-кезеңі көліктік-транзиттік сектордың көшбасшы рөлін нығайту үшін жұмыс істеуі керек. Елдің бәсекеге қабілеттігі қарқынды инфрақұрылымдық жобалардың есебінен өсуі керек. 2025 жылға дейін 24 мың шақырым жолды қайта жөндеп, барлық республикалық жолды сервиспен қамтамасыз ету керек, - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында жариялады.

0
0
175

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жаңа экономикалық бағытының басты жеті қағидатын атады.

Енді әлемдік нарықтың жаңа конъюнктурасына дайын болуымыз керек. Диверсификацияланған технологиялық экономиканы құру біз үшін жай қажеттілік емес, басқа жол жоқ. Бұған қарамастан экономика халықтың әл-ауқатын көтеруге жұмыс істеуін жалғастыру керек. Ұлттық табыстың әділ бөлінуі жөніндегі қоғамдық талап ескерілу керек. Яғни, табыс тиімді әлеуметтік жобаларға бөлініп тұруы керек. Сондықтан еліміздің жаңа экономикалық бағыты басты жеті қағидатқа негізделу керек. Біріншіден – міндеттер мен игіліктер әділ бөліну қажет, екіншісі – жеке кәсіпкерліктің басты рөлі, үшінші – әділ бәсекелестік, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін жаңа нарықты ашу, төртінші – өндіріс көлемін арттыру. Бесінші – адам капиталын дамыту, білім берудің жаңа түріне инвестиция құю, алтыншы – қоршаған ортаны жасылдандыру экономика…

0
0
204

Жыл сайын бір көшені қайта-қайта жөндей беруді доғару керек.

- Аймақтарды бюджеттен қаржыланжыру моделін әзірлеу керек, жергілікті бюджеттерді бекіту барысында бақылауды күшейту керек. Көп жағдайда қаржы тұрғындардың қажеттілігіне жұмсала бермейді. Бір көшені жыл сайын қайта қайта жөңдеу халықтың наразылығын тудыруда. Бұл орынды да, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

0
0
198

Жыл сайын бір көшені қайта-қайта жөндей беруді доғару керек

Жыл сайын бір көшені қайта-қайта жөндей беруді доғару керек.

- Аймақтарды бюджеттен қаржыланжыру моделін әзірлеу керек, жергілікті бюджеттерді бекіту барысында бақылауды күшейту керек. Көп жағдайда қаржы тұрғындардың қажеттілігіне жұмсала бермейді. Бір көшені жыл сайын қайта қайта жөңдеу халықтың наразылығын тудыруда. Бұл орынды да, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

0
0
199

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жаңа экономикалық бағытының басты жеті қағидатын атады.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жаңа экономикалық бағытының басты жеті қағидатын атады.- Енді әлемдік нарықтың жаңа конъюнктурасына дайын болуымыз керек. Диверсификацияланған технологиялық экономиканы құру біз үшін жай қажеттілік емес, басқа жол жоқ. Бұған қарамастан экономика халықтың әл-ауқатын көтеруге жұмыс істеуін жалғастыру керек. Ұлттық табыстың әділ бөлінуі жөніндегі қоғамдық талап ескерілу керек. Яғни, табыс тиімді әлеуметтік жобаларға бөлініп тұруы керек. Сондықтан еліміздің жаңа экономикалық бағыты басты жеті қағидатқа негізделу керек. Біріншіден – міндеттер мен игіліктер әділ бөліну қажет, екіншісі – жеке кәсіпкерліктің басты рөлі, үшінші – әділ бәсекелестік, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін жаңа нарықты ашу, төртінші – өндіріс көлемін арттыру. Бесінші – адам капитал…

0
0
230

Ел Президенті Агроөнеркәсіпті дамыту бойынша жаңа ұлттық бағдарламаны әзірлеуді тапсырды

Ел Президенті Агроөнеркәсіпті дамыту бойынша жаңа ұлттық бағдарламаны әзірлеуді тапсырды

- Агроөнеркәсіпті кешенді дамыту туралы мемлекеттік бағдарлама келесі жылы аяқталады. Үкімет пен бизнеске АӨК-ні дамытудың 5 жылдығына арналған жаңа ұлттық бағдарламаны әзірлеуді тапсырамын. Біздің басты міндетіміз – әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету, миллиондаған ауылдық тұрғынның жалақысын көтеру, еңбек өнімділігін 2,5 есеге көбейту және АӨК тауарының экспортын 2 есеге көтеру, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда.

0
0
148