Мазмұнға өту

Жаңа

Жолдау - ел дамуын айқындайтын ұзақ мерзімді стратегиялық жоспар

Жолдау - ел дамуын айқындайтын ұзақ мерзімді стратегиялық жоспар. Құжаттың мән-маңызын партия мүшелеріне кеңінен түсіндіру мақсатында «Nur Otan» партиясы Кербұлақ аудандық филиалы Басши бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен жиын өтті. Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың үстіміздегі жылдың қыркүйек айында жолдаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты жолдауында сабақтастық бар екені айтылды. Себебі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыдан 5 жыл бұрын Елбасы көтерген мәселелердің көпшілігін әрі қарай жүзеге асырудың жолдарын ұсынды деп айтып өтті.

0
0
133

«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты жолдауын талқылау мақсатында жиын өтті

«Nur Otan» партиясы Кербұлақ аудандық филиалы Қарашоқы бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты жолдауын талқылау мақсатында жиын өтті. Бұл құжатта Президент әдеттегідей түйінді мәселелерді көтеріп, атқарылуға тиіс бірқатар маңызды міндеттерді айқындап бергендігін айтып өтті. Жолдауда айтылған әрбір іс қарапайым халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталғандығы айтылды. Жиын соңында партия мүшелері өзара пікір алмасты

0
0
133

Депутаттар кәсіпкерлермен кездесті

"Nur Otan" партиясының желілік кестесіне сәйкес аудандық филиалдың мәжіліс залында ауданда кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін талқылау үшін аудандық мәслихат депутаттарының аудан кәсіпкерлерімен кездесуі болып өтті.

0
0
151

Проблемалық мәселелер көтерілді

"Nur Otan" партиясының желілік кестесіне сәйкес "Nur Otan" партиясы Мойынқұм аудандық филиалының мәжіліс залында филиал төрағасының бірінші орынбасары М.Естаевтың төрағалығымен Мойынқұм ауданындағы ауыз су мәселесіне байланысты кездесу өтті.

0
0
178