Мазмұнға өту

Жаңа

«Демократияландыру кезеңіндегі жаңа қадам» тақырыбында БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді.

Бүгін Жамбыл облысы бойынша Өңірлік Коммуникациялар қызметі алаңында «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Мәди Мәтен «Демократияландыру кезеңіндегі жаңа қадам» тақырыбында БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді.Шарада «Мықты лидерлер – Мықты партия» қағидаты бойынша 2020 жылғы 17 тамыз бен 3 қазан аралығында өткен Праймериз қорытындысы баяндалды.Жамбыл облысында праймериз шаралары жоспарлы жүзеге асты.Қатысқан кандидаттар саны – 767.Облыс бойынша бір депутаттық орынға орта есеппен 5 (5,3) адамнан келді.Кандидаттардың 270-і (35,2%) әйелдер, 221-і (28,8%) 35 жасқа дейінгі жастар, 28-і (3,6%) көп балалы аналар, 29-ы (3,8%) қандастар және 8-і (1,0%) мүмкіндігі шектеулі жандар.Сол секілді, 290 (37,8%) білім және ғылым, 117 (15,2%) ШОБ және өндіріс, 108 (14,1%…

0
0
130

Экономиканың дамуы – жаңа стратегияға негізделеді

Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы тыңдалды. Жиында Тараз қалалық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшесі Амина Қайназарова сөз алып, «Нұр Отанның» сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары мен негізгі міндеттерінің орындалуы баяндады.Жаңа инвестициялық саясаттың маңызды бағыттарының бірі – техникалық және кәсіби білім беру жүйесін дамыту. Техникалық және кәсіптік білім беру бағытына облыста 2 колледжде базалық алаң ретінде қайта жабдықтау жұмыстары жүргізіліп, оған 665,6 миллион теңге қаржы бөлінді (Жамбыл политехникалық жоғары колледжі, Құлан агротехникалық колледжі). Сондай-ақ, аймақта «WorldSkills» стандартына сай 10 құзыреттілік орталығы (химия, энергетика, құрылыс, механатроника, машина жасау бағыттары, аг…

0
0
254

Жеке шешім қабылдады.

Облыс орталығы болып табылатын қалалардың мәслихатына партиялық тізімдерді қалыптастыруға қатысты праймеризге қатысушылардан түскен өтініштерге байланысты «Nur Otan» партиясы оларды түзу бойынша жеке шешім қабылдады.Бұған дейін партия мүшелері облыс орталықтарынан шыққан рейтингі жоғары праймериз кандидаттарының бір бөлігі облыстық және қалалық мәслихаттарға депутаттық мандат ала алмай, резервте қалуы мүмкін деген алаңдаушылықтарын білдірген еді.Тізімдер праймериз қорытындысы бойынша сайланатын кандидаттар мен партиялық квотадан жасалады. Облыстық мәслихаттың партиялық тізіміндегі басым үлесті аудандар және басқа қалалармен салыстырғанда сайлаушылар санының көп болуына байланысты облыс орталығы болып табылатын қалалардың кандидаттары құрайды. Тізімге ең жоғары рейтингке ие кандидаттар енг…

0
0
199