Мазмұнға өту

Жаңа

2020 – 2021 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары тақырыбында отырыс болып өтті.

Мұнайлы аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының партиялық бақылау комиссиясының отырысы болып өтті. Аталмыш отырыс Мұнайлы ауданы бойынша 2020 – 2021 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары тақырыбында болды.

Отырысқа ПБК төрағасы Ө. Сабытаев, комиссия мүшесі Н. Ордаған, партия белсендісі А. Кумарова және аудандық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің бас маманы Н. Қаржаубаев қатысып, аталмыш тақырып аясында атқарылған жұмыстары туралы баяндама оқыды

0
0
179

Дүниежүзілік телевидение күні ретінде жариялады.

1998 жылы наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясы 21 қараша күнін Дүниежүзілік телевидение күні ретінде жариялады.

Нақты осы күннің белгіленуіне 1996 жылы өткен бірінші Дүниежүзілік телевизиялық форум себеп болды.

Қоғамды тәрбиелеу мен қадағалаудың таптырмас құралы саналатын телевидениеге арналған күнді атап өтудің өзіндік ерекшелігі бар. Ол – дәл осы күні бейбітшілік, қауіпсіздік, экономикалық және әлеуметтік даму және мәдени алмасуды кеңейту тақырыптарына арналған телебағдарламалармен алмасу әдісі.

Қазақстанда отандық телевидение 1958 жылы наурызда пайда болды.

0
0
113

Партия билетін табыстау шарасы өтті.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Мұнайлы аудандық филиалында ауданның түрлі саласы бойынша қызмет жасап жатқан жастарына партия билетін табыстау шарасы өтті. «Nur Otan» партиясы Мұнайлы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының м.у.а Н. Ордаған партия белсендісі жеке кәсіпкер А. Тыныбекқызы мен Г. Сүйіндікке салтанатты түрде партиялық билетін табыстады. Сан салада еңбек етіп, биіктен көрініп жүргендер өз жетістіктерін жетекші партияның жүргізіп отырған саясатымен байланыстырды.

Н. Ордаған партия мүшелігіне жаңадан қабылданған жастарды құттықтай отырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

0
0
148