Мазмұнға өту

Жаңа

Денсаулық еліне саяхат

Біздің мемлекет өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтына ерекше назар аударады: әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілері үшін "Денсаулық еліне саяхат" викториналық ойыны өткізіліп, қатысушыларға күні бойы жақсы көңіл-күй мен сергектік сыйлады.

Біздің кездесуіміз дәстүрі бойынша "Жеміс себеті" атты шеберлік сабағымен аяқталды.

Наше государство уделяет особое внимание здоровому образу жизни подрастающего поколения: для воспитанников Центра по оказанию социальных услуг, была проведена игра-викторина «Путешествие в страну Здоровья», которая подарила участникам много хорошего настроения и заряда бодрости на весь день.

По традиции нашей библиотерапии, мероприятие закончилось мастер классом под названием «Корзина с фруктами».

#Марафон_добрых_дел #balademalys2023

0
0
737

Қазақ тіліндегі тұңғыш бизнес форум қалай өтті?

Күні кеше Алматыда тұңғыш рет қазақ тілінде «Sana Business Forum» өтті. Ұйымдастырушылар экономика, бизнес және қаржы салаларында тәжірибе алмасуға және өзекті мәселелердің шешімін табуға септігін тигізетін кәсіби платформа қалыптастыруды мақсатында осы форумды өткізіп отырғанын алға тартты. Бұл форумға 50-ге жуық сарапшы, 300-ден аса қатысушы белсенділік білдірді. Келушілердің ішінде ірі бизнес өкілдері, компаниялардың иелері, мемлекеттік органдарының өкілдері, ғалымдар, БАҚ өкілдері бар. Басты ұйымдастырушы, қазақ тілінде бизнес форум өткізу туралы идеяның авторы, белгілі экономист ғалым Мақсат Халық форумның басты мақсаты – Үкімет, бизнес және ғылым арасында байланыс орната отырып, ел экономикасының даму мәселелерін, сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді талқылау екенін айтып өтті. Сонымен қ…

0
0
552

Tabiğat Labs жобасы туралы не білесіз?

Жуырда Алматыда «Шеврон» компаниясы мен Urban Forum Kazakhstan қорымен серіктестікте жүзеге асырып отырған, экологиясы саласындағы жобалардың бірегейі «Tabiğat Labs» тың тұсаукесері өтті. Шеврон компаниясының шарапаты отандық экономикаға салынған инвестициямен ғана өлшенбейді. Компанияның әлеуметтік жобаларының өзі бір төбе. Сондай жобалардың бірі - Tabiğat Labs.Tabiğat Labs – бұл қалалық экология және экологиялық мәдениет саласындағы өз жобаларын жүзеге асыратын ұйымдардың коалициясы. Tabiğat Labs жобасын "Шеврон" компаниясымен және Urban Forum Kazakhstan қорымен серіктестігімен құрылған жоба деуге болады. Сонымен қатар, Fading TSE, YEMAA, Алматы бас ботаникалық бағы, Impact Hub Almaty ұйымдар да жоба бірлестігінде. Жобаның тағы бір серіктесі: Makerspace Almaty. Аталған жоба қазірше Алма…

0
0
495

Халыққа тегін құқықтық кеңес беретін жаңа жоба жұмысын бастады

Алматылықтар енді тегін құқықтық көмек ала алады. Бұл туралы бүгін «Social project management» орталығының директоры Бейбіт Молдахметұлы мәлімдеді. Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Заң кеңесі» жобасы өз жұмысын бастады. Бұл жоба аясында қала тұрғындарына заңдық көмектер көрсететін орталық құрылып, мемлекеттік және орыс тілдерінде бірыңғай тұрақты телефон нөмірі бар «жедел желі» жұмысы іске қосылған. Орталыққа келушілерге заң мәселелері бойынша ақпараттық консультациялар беріледі. Қаладағы барлық аудандарда жылжымалы мобильді заң қызметтері ұйымдастырылады. Азаматтарға заңдық құжаттар (арыз, талап, өтініш және т.б.) дайындауда әдістемелік көмектер көрсетіледі.«Social project management» орталығының директоры Бейбіт МолдахметұлыБүгінде сотқа талап-арыз жазатындар көбейд…

0
0
283

интервью у военного обозревателя Амангелді Құрметұлы.

Журналист Гульбану Абенова в рамках журналисткого расследования взяла интервью у военного обозревателя Амангелді Құрметұлы. В интервью затронута тема производства военной техники компанией Kazakhstan Paramount Engeniring. Акционером которого является Айбек Барысов, бывший кандидат в депутаты мажилиса от 5 округа г. Алматы. В диалоге с экспертом раскрыты темы:- На самом ли деле локализация производства составляет 75%- Почему казахстанская боевая машина воююет на стороне России против Украины- Как так получилось, что техника стоимостью в 660 000 долларов закупалось государством за 2 500 000 долларов- Почему за все время существования завода ни одна страна не захотела покупать технику “Kazakhstan Paramount Engineering”- Что на самом деле стоит за громкими словами, как “отечественное производ…

0
0
310

Ән падишасы – Әміре

Атақты әнші, актер, музыкант Әміре Қашаубаевқа биыл 135-жыл. Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесіне қатысқан алғашқы қазақ – Әміре Қашаубаев екенін біреу білсе, біреу білмес. Қазақтың біртуар әншісі 1925 жылдың мамырында Францияның астанасы – Парижде өткен көрменің этнографиялық концертінде «Балқадиша», «Ағаш аяқ» , «Бесқарагер», «Дудар-ай», «Жалғыз арша», «Үш дос», «Смет», «Қараторғай» әндерін әуелетіп, күллі әлемді тамсандырған тұлға. #гидқазақстанға #ГидПоКазахстану

0
0
589

Мың бояулы аспан» әуе шарлары фестивалі

Қазақстанда алғаш рет 2023 жылдың 22-23 шілдесінде Қонаев қаласында «Мың бояулы аспан» әуе шарлары фестивалі өтті. Алматы облысының туризм индустриясы - орналастыру, кіру және ішкі туризм бойынша республикада алдыңғы қатарда. Елімізде алғаш рет әлемнің түкпір-түкпірінен 30 шар аспанға көтеріліп, барлығын жарқын әсерлерімен қуантты.Халықаралық шарлар фестивалін ұйымдастырушылардың басты мақсаты – қалдықтарды бөлек жинау, қайта өңдеу, экологиялық таза қайта өңдеуге болатын ыдыс-аяқтар мен басқа да экоматериалдарды пайдалану арқылы табиғатқа және оның ресурстарына құрметпен қарауды насихаттау.Фестивальде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөз сөйледі.Облыста туризмді ілгерілету және дамыту оқиғалы (событийный) туризміне негізделген. Осыған орай, бүгінгі «Konayev internationa…

0
0
324

"Шеврон" IT саласының дамуына үлес қосуда

Күні кеше Алматыдағы Қ.Сәтбаев атындағы политехникалық зерттеу университетінде еліміздегі ең ірі IT-инкубатор – nFactorial School «Шеврон» компаниясымен серіктесе отырып, отандық жас таланттардың 10 апта ішінде 100-ден астам бірегей веб-қосымша жасап шығарған Demo Day – жазғы бағдарламалау нәтижесін салтанатты түрде атап өтті.Бағдарламаның мақсаты – IT қызметтерін экспорттау және Қазақстанда жасалған бағдарламалық жасақтаманы сату арқылы ел экономикасына 1 миллиард АҚШ долларын әкелетін 10 000 кәсіби әзірлеушіні даярлау. Demo Day бағдарламасын жүзеге асыру барысында қазылар алқасы қазақстандық және халықаралық техникалық университеттер мен мектептердің дарынды жігіттері мен қыздары әзірлеген 23 үздік веб-қосымшаны ұсынады.Салтанатты жиында еліміздің түкпір-түкпірінен келген 100-ге жуық ба…

0
0
298

Халық банк демеушілігімен "Азия дауысы" қайта жанданды

Алматыда «Медеу» биік тау мұз айдынында 19 жылдық үзілістен кейін «Азия дауысы» халықаралық заманауи музыка фестивалі қайта өтті.Шараның ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов қатысып, «Азия дауысы» бұдан былай жыл сайынғы фестивальге айналып, келесі жылдан бастап дәстүрлі түрде – халықаралық ән байқауымен өтетінін айтты.«Мен Halyk Bank басшылығына және Үміт Шаяхметоваға фестивальдің бас серіктесі және бірлескен ұйымдастырушысы болғаны үшін алғыс айтамын. Осындай қолдауы бар іс-шара жоғары деңгейде өтетініне сенімдіміз.Жақын болашақта «Азия дауысы» Қазақстанда ғана емес, бүкіл аймақта, тіпті әлемде айтулы құбылысқа айналатынына сенімдімін»,- деп фестивальдің бас продюсері Арманжан Байтасов өз ойымен бөлісті.Halyk Bank түсіндіргендей, фестивальдің қайта жандануын қо…

0
0
358

Алматыда I Халықаралық цирк өнері фестивалі жоғары деңгейде өтті

Бұл іс-шара Қазақстанда алғаш рет өтті, 5 күн ішінде циркке 8 мыңға жуық адам қатыстыАлматыда 26-30 шілде аралығында Қазақ мемлекеттік циркінде ALMATY CIRCUS FESTIVAL I Халықаралық цирк өнері фестивалі өтті.Бұл іс-шара Қазақстанда алғаш рет өтті, 5 күн ішінде циркке 8 мыңға жуық адам қатысты. Фестиваль аясында 28 шілдеде қазылар алқасы және қонақтармен БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы ұйымдастырылды. Сол күні цирк ғимаратында фестиваль салтанатты түрде ашылды, онда шетелдік және отандық гимнасттар, акробаттар мен жонглерлер фестивальдің ең жоғары наградасын алу үшін өздерінің таланттары мен кәсіби шеберліктерін көрсетті.«Біз мұндай фестивальді алғаш рет өткізіп отырмыз және сол арқылы әлемдегі отандық цирк өнерінің үздік жетістіктерін сақтау, дамыту және ілгерілетудің қарапа…

0
0
295