Мазмұнға өту

Жаңа

Тұрғылықты жеріне қарамастан баланың бәріне бірдей көңіл бөлінеді

Тоқаев 2020 жылғы 25 қараша 12:15Бөлісіңіз: НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тұрғылықты жеріне қарамастан баланың бәріне бірдей көңіл бөлінеді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Сонымен қатар балаларға қосымша білім беру, бос уақытты тиімді пайдалану, шығармашылық қабілетті дамыту мәселелері шешімін табады. Барлық мектепте спортпен және шығармашылықпен айналысуға жағдай жасалады», - деді Мемлекет басшысы. ҚР Президенті 3-6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі біліммен толық қамтылуға тиіс екендігін баса айтты. «Осы ретте тұрғылықты жеріне қарамастан баланың бәріне бірдей көңіл бөлінеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

0
0
112

Семейде мониторингтік топтардың рейдтік жұмыстары жалғасуда

26 қараша күні Семей қаласында мониторингтік топтардың жұмысы барысында 3 заң бұзушылық анықталды. Семей қаласының ТКҚҚББ қызметкерлері Әкімшілік кодекстің 425 бабының 1 бөлімі бойынша хаттамалар толтырылып, айыппұл салынды. Оның ішінде 2 айыппұл тыйым салынған уақытта жұмыс жүргізгені үшін «ППГ – Kapital,S» ЖШС және «У Розы» киім дүкені иелеріне салынды. Сондай-ақ, №22 қоғамдық көлікте медициналық бетпердесіз жүрген 1996 жылғы азаматшаға айыппұл салынды.

Анықталған 3 заң бұзушылық үшін айыппұлдың жалпы сомасы 680 610 теңгені құрайды.

0
0
115