Мазмұнға өту

Жаңа

«Елбасы және Маңғыстау» жастармен кездесу

Бүгін Маңғыстау облысы «Jas Otan» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Елбасы және Маңғыстау» тақырыбында жастар кездесуі өтті. Кездесуге әр аудан қалалардан белсенді жастар, студенттер, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты.⠀

«Бүгін өңірдегі белсенді жастармен Елбасы еңбегі туралы пікір алмастық. Елбасының өмір жолы туралы арнайы бейнеролик тамашалап, қиын жағдайдан шыққан мемлекетті қалыптастырған ерен еңбекті көрдік»,- дейді шараға қатысушы белсенді жас Исахан Жәнібек.

Шара барысында Елбасы өмірі туралы арнайы бейнеролик көрсетілді.

«Құтты мекен»

Мұнайлы аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының партиялық бақылау комиссиясы мүшесі Н. Ордаған бастаған жұмыс тобы «Құтты мекен» партиялық жобасын іске асыру мақсатында, Батыр ауылы, Емір шағын ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатырған 4 пәтерлік тұрғын үй жұмыстарымен танысты.

0
0
107

Ауданның елді мекендерін таза ауыз сумен жабдықтаудың жай-күйі мен перспективалары туралы

«Nur Otan» партиясы Аягөз аудандық филиалының instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында «Ауданның елді мекендерін таза ауыз сумен жабдықтаудың жай-күйі мен перспективалары туралы» тікелей эфир өтті. Тікелей эфирге Аягөз ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ргаев Думан Болатқанұлы қатысып, толық ақпарат беріп өтті.

ТІКЕЛЕЙ ЭФИР

13
0
177

«Елбасы және біз» тақырыбы аясында онлайн-кездесуі өтті

Бүгін «Jas Otan» Жастар қанаты төрағасының қатысуымен жас ақындардың Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі ұжымымен «Елбасы және біз» тақырыбы аясында онлайн-кездесуі өтті.Кездесу барысында Елбасының 30 жыл ел басқарып, экономиканы дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру жолындағы ерен енбегі туралы, соның ішінде, жастарды қолдауға үлкен көңіл бөлгенін, әлі де осы жолда жаңа бағдарламалар, жаңа өзгерістер ойластырып, жастардың қоғамдағы рөлін арттыру мақсатында талай жұмыстар атқарып келе жатқандығына ерекше тоқталып, жастар мәселесіне Елбасының ықпалы жөнінде толығырақ әңгіме өрбітті.Еркін ой толғап, кең көсіле құлаштап, қоғамдағы өзекті мәселені дәл танып, жетер жеріне жеткізе айтуға билік тарапынан да, халық тарапынан да қолдау көріп отырған жас ақындарды зор болашақ кұтіп тұрғаны…

0
0
149

«Азаматтардың еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктері» тақырыбында отырыс болып өтті

Бүгін Мұнайлы аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының ұйымдастыруымен «Азаматтардың еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктері» тақырыбында отырыс болып өтті. Отырысқа Баянды ауылы №3 орта мектептік кәсіподақ төрайымы М. Құрақбай және партия кеңесшісі Н. Ордаған, қатысып жиынға қатысушыларға аталмыш тақырыпта түсінік жұмыстарын жүргізді.

Жиын соңы еңбек ұжымдары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беру мен қатысушылар тарапынан түскен ұсыныс пікірлерін тыңдаумен аяқталды.

0
0
125

Инкюзивті білім беруді дамыту

«Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қорғап, оларға жағдай жасауды жүзеге асырады. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балалардың да сапалы әрі кедергісіз білім алуын қамтамасыз етеді.Аталған жоба аясында бүгін аудандық мәслихат депутаты Қуат Байғоджаев білім саласының қызметкерлерімен кездесу өткізіп, ауданымыздағы инклюзивті білім беруді дамыту мәселесін талқылады.– Тағдыр тауқіметін тартқан балаларымыз басқа оқушыларымен тең дәрежеде білім алуы тиіс. Олар да – толыққанды мүшесі, басқалармен тең құқылы. Сондықтан да аудандағы білім ошақтарында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық жағдай жасалған. Пандус, көмекке шақыру тетігі, арнайы тұрақтар. Сонымен қатар мектепке баруға мүмкіндігі жоқ оқушылар үйден оқытылады – деп, аудан аумағын…

0
0
167

Jas Otan Aqmola XXI есептік сайлау конференциясы өтті

Конференцияға 38 делегат, оның ішінде 20-сы оффлайн, ал қалған 18-і онлайн түрде қатысты📷

⠀

Конференцияда Ақмола облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Бекмагамбетов Галым Мадешұлының қатысуымен және мемлекеттік қызметкерлер, студенттік қозғалыстардың көшбасшылары, үкіметтік емес ұйымдардың, спортшылардың және «Jas Otan» белсенділерінің қатысуымен өтті📷

⠀

Конференция қорытындысы бойынша «Jas Otan» ЖҚ V кезекті съезіне делегаттар сайланып📷 атқарылған жұмыстар жайлы есеп берілді📷

⠀

Соныңда, партияның бағдарламалық құжаттарын іске асыруға ат салысқан белсенді жастарды марапаттаумен аяқтады📷📷📷📷

https://www.facebook.com/bekeshev.sultanbek/posts/2800958653478829

0
0
169