Мазмұнға өту

Жаңа

"Елі сүйген, елін сүйген Елбасы"

Тұңғыш президент күніне орай "Елі сүйген, елін сүйген Елбасы" тақырыбында «Өнер және мәдениет» бөлімінің 1 курс «Көркем еңбек» студенттеріне топ жетекшісі Ләззат Жасталап қашықтан тәрбие сағатын өткізді. Студенттерге Елбасының өмірбаяны , жеткен жетістіктерімен таныстырды. Шара соңында студенттер Елбасына арналған өлең жолдарын айтып, суреттерге шолу жасады.

0
0
143

"Салауатты өмір салтының маңыздылығы" тақырыбы бойынша өтті.

Ағымдағы жылдың 3 желтоқсан күні "Nur Otan" партиясы Арқалық қалалық филиалы төрағасының бірінші С.Н.Тасмағанбет медицина қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу "Салауатты өмір салтының маңыздылығы" тақырыбы бойынша өтті.

Әр адамның өз мақсаттарына, белгілі бір жетістіктерге жетуі үшін оның денсаулығы жақсы болуы тиіс. Ал ол болса, өз алдына, тұлғаның өмір салтына, күнделікті шыңдалуына, спортпен айналысуына тікелей байланысты.

"Бұл мәселе әсіресе қазіргі пандемия кезеңінде өте өзекті болып табылады. Бірінші толқын кезінде біздің дәрігерлеріміз жақсы дайындықтарын көрсете білді. Алдағы сынақтарға да жанжақты дайындалуымыз қажет",- деді Сабыржан Нұрсалиұлы.

0
0
115

Халықаралық мүгедектер күні!

БҮГІН - МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КҮНІ1992 жылдың аяғында БҰҰ Бас Ассамблеясы мүгедектер он жылдығының (1983-1992) аяқталуына орай желтоқсанның 3-ін - Мүгедектер күні деп жариялады.Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы Жарлығымен мүгедектерге мемлекет тарапынан қамқорлық көрсету, олардың проблемаларына назар аудару мақсатында, Қазақстан Республикасында да «Мүгедектер күні» аталып келеді.Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалады. Мүгедектердің халықаралық күні -тумысынан өмірдің азабын тартқан жандарға тағы бір көз қырымызды салып, жанына жебеу болуға мүмкіндік жасайды.Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес мүгедектер жеке оңалту бағдарламасы негiзiнде протездi-ортопедиялық, сурдо - тифлотехникалы…

0
0
138

Қазақстанда әзірленген Еңбек нарығында талап етілетін жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласы ...

Қазақстанда әзірленген Еңбек нарығында талап етілетін жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласы экономиканың 9 негізгі саласын қамтиды және жаңа, трансформацияланатын, сондай-ақ жойылып бара жатқан кәсіптер мен құзыреттерді біріктірді. Бұл азаматтарға келешекте кәсіптің перспективалы болуын ескере отырып, мамандықты дұрыс таңдауға, білім беру ұйымдарына қазақстандықтарды жаңа дағдылар мен құзыреттіліктерге оқыту қажеттілігін ескере отырып, оқу жоспарларын өзектендіруге көмектесетін кәсіби бағдар берудің заманауи құралы. Атласты әзірлеу ҚР Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 39-тармағын орындау үшін және ҚР Президентінің 2019 жылғы 19 маусымдағы Жарлығымен бекітілген «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында…

0
0
367

Бүгін Тұңғыш Президент күні қарсаңында белсенді партияластар марапатталды.

Бүгін Тұңғыш Президент күні қарсаңында белсенді партияластар марапатталды. «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының алғыс хаты Самат Нақысбекұлына табысталды.

Сізді 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын.

Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатын, елдің әл - аухатын арттыруға бағытталған партия жобаларын жүзеге асыруға қосқан сүбелі үлесіңіз үшін алғыс білдіреміз.

0
0
181

Сайлаудың маңыздылығы жастарға түсіндірілді

«Nur Otan» партиясының белсенді мүшелері жастармен кездесіп, алда келе жатқан сайлаудың ел болашағы үшін маңыздылығы турасында сөз қозғалды.

Партия белсендісі Бағдат Рахимов жастар қауымының сайлауға белсенді түрде қатысып, саяси науқаннан сырт қалмауы керектігін айтты. Себебі, жастар – қоғамның қозғаушы күші. Мемлекет үшін маңызды сәтте бейқам жүрмеуі тиіс. Сонымен қатар, кездесу барысында пандемия кезінде қоғамдық жұмыс атқарып, ақ халатты абзал жандарға қолғабыс еткен ерікті жастарға ризашылығын білдірді. Өз кезегінде жиынға қатысушылар да  пікірлерін білдіріп, саяси науқанға белсене қатысатындықтарын жеткізді.

0
0
100