Мазмұнға өту

Жаңа

Кәмелет жасқа толмаған балалармен жұмыс жасау жедел тобының отырысы болып өтті.

Кездесуде басты тақырып кәмелет жасқа толмаған балалардың құқықтарын қорғау мен отбасы жағдайы қиын балалармен жасалған жұмыстары туралы сөз қозғалып, аталмыш бағытта атқарылған жұмыстары туралы Мұнайлы аудандық білім үйлестіру бөлімінің маманы Ш. Жасанованың баяндамасы тыңдалып, жедел топ мүшелерінің алдағы мереке күндерге жұмыстары пысықталды.

0
0
275

Жетістіктер айтылып, мәселелер талқыланды

«Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев аудан тұрғындарымен тікелей эфирде кездесу өткізді.Ауданның жетістіктері талқыланған шарада қордаланған мәселелер де көтерілді. Жолдардың мәселесін айтқан тұрғындарға Қуат Сұлтанұлы Мемлекет басшысының тапсырмасымен елді мекендердің жолын жөнге келтіруге ауқымды қаражат бөлініп, игеріліп жатқандығын айтты. Сонымен қатар, жыл сайын «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында әр округте 1-2 көше жөндеуден өтетіндігін жеткізді. Және бұл жұмыстар жергілікті қауымдастықпен ақыласа отырып атқарылады.Жиын барысында Қуат Байғоджаев еліміздегі карантиндік жағдайға қарамастан ауданды көркейту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқандығын алға тартты. Айтуынша, биыл аудан орталығында көптен жөндеу көрмеген көшелерге асфальт т…

0
0
176

«Тәуелсіз елдің жетістікері»

Көрермен назарына 29 жылда басылып, ел тарихынан сыр шертетін, сондай-ақ бүгіні мен болашағын сипаттайтын кітаптар ұсынылды.

Тәуелсіздік маржандарын паш еткен іс-шараға қала тұрғындары, жас және зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты.

0
0
148

Кәмелетке толмаған балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жедел топтың отырысы өтті

"Nur Otan" партиясы жанындағы "Білім" БПҰ-да кәмелетке толмаған балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша кәмелет жасқа толмаған балаларға жауапты жедел топтың отырысы өтті. Отырыста кәмелетке толмаған балалардың тәрбиесі және құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары талқыланды.

0
0
245

#Партия мүшелерінің әдеп кодексін сақтау бойынша жиналыс

Бүгін «Nur Otan» партиясының Астрахан аудандық филиалының ғимаратында партия мүшелерінің әдеп кодексін сақтау бойынша жиналыс өтті.

Астрахан ауылының бастауыш партия төрайымы Дина Әменова әдеп кодексін сақтау бойынша баяндама жасады. Партия мүшелері партиялық тәртіпті сақтау, әдепті бұзу фактілеріне жол бермеу мәселелерін қарастырды.

0
0
184

Мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Мониторинг барысында қала ішінде орналасқан бірқатар базар кәсіпкерлеріне санитарлық нормаларды қатаң бақылауда ұстау, қоғамдық орындарда бетперде (маска) тағу, арақашықтық сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жасалынды.

Барша Шымкент тұрғындарынан қоғамдық ортада өзіміздің және жақындарымыздың амандығы үшін санитарлық ережелерді қатаң бақылауда ұстап, карантин талаптарын сақтауын сұранамыз!

0
0
116

"Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры" атты тақырыбында көрме өтті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай, Арқалық қаласындағы облыстық 2 әмбебап ғылыми кітапханасында "Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры" атты тақырыбында көрме өтті.

0
0
274

"Балдырған" балабақшасы директоры Ж. Күнсұлудың қатысуымен балабақша қызметкерлерімен жиналыс өтті.

"Nur Otan" партиясы Бейнеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Килишаев пен "Балдырған" балабақшасы директоры Жаңбыр Күнсұлудың қатысуымен балабақша қызметкерлерімен жиналыс өтті. Жиналыс барысында мектепке дейінгі балалар тәрбиесі жайында сөз қозғалды.

0
0
225

#Елорда – елдің бірлігі, Елбасы- ерлігі.

Тұңғыш Президент – Тәуелсіз Қазақстанның қазығын қағып, шаңырағын көтеріп, керегесін кеңейткен ірі тұлға. Нұрсұлтан Назарбаев ел тағдыры сынға түскен сын сәттерде қандай да үлкен мәселе болмасын, ешбір ши шығармай елді алға бастап шыға білді. Сондықтан да тікелей өзінің идеясымен жүзеге асқан елорданың атын оның құрметіне беру – бұл Қазақстан халқының алғысы деп білген жөн.

0
0
156