Мазмұнға өту

Жаңа

«Nur Otan» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалының сайлауалды штабының ресми түрде ашылуы болып өтті

Сайлауалды штабтың ашылуын Жаңаөзен қалалық сайлауалды штабының басшысы Муханов Житек Абдурахманұлы жүргізді.

Сөз барысында штаб басшысы желілік кестеде бекітілген іс-шаралардың ауқымдылығын айтып, барлық шаралар эпидемиолгоиялық жағдайда қауіпсіздік ережелердің сақталуымен өту керектігін басты назарға алуды тапсырды.

1
0
156

Партияның белсендісі ардагері Жүнісұлы Тынышбек Қаратал ауылында.

Аудандық сайлауалды қоғамдық штаб мүшесі, аудандағы беделді ақсақал, партияның белсенді ардагері Жүнісұлы Тынышбек Қаратал  ауылында сенімді өкілдермен, белсенді партия мүшелерімен  кездесіп,  үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Сенімді өкілдерге алдағы атқарылатын жұмыс бағыттарын таныстырды.

0
0
227

Жаңаөзенде үгіт-насихат кезеңінің басталуына арналған флэшмоб өтті

Бүгін Тәуелсіздік алаңында үгіт-насихат кезеңінің басталуына арналған «Қазақстан үшін дауыс бер» атты флешмобы өтті. Оған штаб мүшелері мен «Jas Otan» ЖҚ мүшелері қатысты. Іс-шараны «Jas Otan» жастар қанаты ұйымдастырды.

1
0
172

үгіт-насихат жұмыстары.

Аудандық сайлауалды қоғамдық штаб мүшесі,  кандидат Алмагул Ахметжанова Сарытерек ауылында сенімді өкілдермен, белсенді партия мүшелерімен  кездесіп,  үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Сенімді өкілдерге алдағы атқарылатын жұмыс бағыттарын таныстырды.

0
0
154

үгіт-насихат жұмыстары

Аудандық сайлауалды қоғамдық штаб ашылысымен,  аудандық мәслихатқа депутаттыққа үміткерлер өздерінің үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті. Үміткерлер В.Әділбаева мен Т.Уалынова аудандық ауруханаға барып медицина саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Сайлаушыларды "Nur Otan"  партиясын қолдауға шақырды.

0
0
132

Үгіт - насихат жұмыстары жалғасуда

Бесқарағай ауданы "Nur Otan" партиясының белсенділерімен өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына партия атынан кандидаттарды қолдау үшін брошюралар тарату және үгіт материалдарын жабыстыру жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, "Есіктен есікке" акциясы іске қосылды, акция аясында аудандық қоғамдық сайлауалды штабының белсенділері мен еріктілері сайлауалды бағдарламамен сайлау күні туралы халыққа жеткізіп, халықты сайлауға қатысуға шақырды.

0
0
163

ШҚО-да депутаттыққа кандидаттар жастармен кездесті

Мұндағы мақсат – «Nur Otan» партиясы бағдарламасының соңғы 5 жыл бойы қалай жүзеге асырылғанын жас буынға жеткізу. Кездесудің тақырыбы – «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» болды. 

Шара барысында жастар «Nur Otan» партиясы ШҚО мәслихат депутаттығына кандидат Маржан Бахытпен және «Nur Otan» партиясы Өскемен қаласы мәслихат депутаттығына кандидат Мұхтар Төлегенмен кездесіп, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

«Кеше «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Jas Otan» жастар қанатын 20 жылдығымен құттықтаған болатын. Елбасы да, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қашанда жастарға қолдау танытып, ерекше мән беруде. Былтыр Жастар жылы жарияланып, талай ауқымды шаралар өткізілгені белгілі. «Болашақ» бағдарламасымен көптеген жас буын шетелдік жоғарғы оқу орындарында білім алып, елімізге келіп жауапты қызметтерде еңбек етіп жүр. Қазіргі заман жастары өте белсенді, ізденімпаз. Алдағы Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота берілген. Бұл жастарға мол жауапкершілік жүктейді. Десе де менің ойымша, билікке ойы қалыптасқан, ұстанымы берік, саясатта тәжірибесе бар жастар келуі тиіс», - деді Мұхтар Төлеген.

Естеріңізге сала кетсек, күні кеше ШҚО-да «Nur Otan» партиясының аймақтық сайлауалды штабы ашылып, өз жұмысын бастаған болатын. 

0
0
518

Сайлауалды штабының ашылуы.

Ұсыныстарға сәйкес, 2020 жылдың 11 желтоқсанында сағат 10:00-де аудандық партия филиалының сайлауалды штабының ашылуы өтті. Ашылуға штаб мүшелері, сенім білдірген адамдар, партиялық тізімге енгізілген облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар, БАҚ өкілдері қатысты. Барлығы 15 адам қатысты. Іс-шараны штаб жетекшісі, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Сатибаев ашып, аудандық штаб мүшелерімен және нұсқаулықпен таныстырды .

Штаб ресми түрде ашылып,  Іле аудандық штабының қоғамдық қабылдау бөлмесі көрсетілді.  Іс-шара санитарлық талаптарға сай өтті.

0
0
185

ҚР-ның Мәжіліс депутаттығына үміткер кандидаттың жоспарлы кездесуі

"Nur Otan"партиясы Сайлауалды үгітнасихат кездесу кезеңінің жұмыс жоспарына сәйкес ҚР-ның Мәжіліс депутатығына кандидат 

Д.Н.Тұрғановтың Жылыой ауданы тұрғындарымен кездесу сәті өз деңгейінде өтуде.Кездесуге келген тұрғындар өз тараптарынан сауал қойып,тұшымды жауаптарын алуда.

0
0
191