Мазмұнға өту

Жаңа

Облыстық мәслихатқа кандидат К.Жақыпұлы штабтың қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындарды қабылдады.

Қоғамдық қабылдауда Ақтау қаласының тұрғыны Толқын Ахметова үйінде жылу жоқтығын жеткізді. Киікбай Жақыпұлы бұл мәселені бірден назарға алып, арнайы мамандарға хабарлады. ПКСК мамандары да мәселе бойынша тұрғын үйге барып, үйдегі температура ережеге сай екенін мәлімдеді.

К.Жақыпұлы қабылдау барысында өзіне жүгінген тұрғындарды мұқият тыңдап, әрбір мәселені жеке бақылауға алды.

0
0
153

Ұйғыр аудандық штаб мүшелерінің мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесуі.

2020жылдың 12желтоқсан күні аудандық партия филиалының штаб мүшелері мүмкіндігі шектеулі азаматтармен онлайн форматта кездесу өткізді . Кездесу skype әлеуметтік желісі арқылы жүргізілді.

0
0
111

Басты міндет - халыққа қызмет ету.

2020 жылдың 12 желтоқсан күні облыстық маслихат депутаттығына кандидат Арманжан Таипов онлайн форматта желі қолданушыларымен жүздесті. Кездесу барысында желі қолданушылары өзекті мәселелер бойынша сұрақтарын қойды.

Арманжан Таипов өз сөзінде еліміздің болашағы үшін бұл сайлаудың маңызды екендігін жеткізді.

Басты мақсат - халыққа қолайлы жағдай жасау .

2020жыл 12 желтоқсан күні облыстық маслихат депутаттығына кандидат Алия Ақжолтайқызы онлайн форматта тікелей эфирде желі қолданушыларымен кездесті . Алия Ақжолтайқызы өз сөзінде алдағы уақытта атқаратын жұмыстардың маңызды екендігін жеткізді . Сонымен қатар 2021-2025 жылдарға жоспарланған сайлауалды бағдарламамен қысқаша таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Желі қолданушылары көкейтесті сұрақтарын қойып белсенділік танытты.

0
0
130

Ұлы жолдың өзі шағын ғана қадамнан басталады

Ұлы жолдың өзі шағын ғана қадамнан басталады. Осыдан 14 жыл бұрын партияның алғашқы съезіне небәрі 400-ге жуық делегат қатысқан еді. Аз ғана жылда «Nur Otan» 250 филиалы, 6300 бастауыш ұйымы бар алып құрылымға айналды. Атқарушы және өкілетті билік тармақтарында тізгінді берік ұстады. Елдік істердің барлығына белсене араласып келеді. Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамаларына әрдайым қызу қолдау білдіріп, идеяларды құлшына іске асырып келеді. Осы арқылы телегей тәжірибе жинақтады.Халық көздегіні ғана емес, көңілдегіні де көреді. «Nur Otan» нақты нәтиженің, ілкімді істің партиясы атанып, елдің көңілінен шыға білді. «Елің қуатты болса, бағың тұрақты болады» дейді халқымыз. Күнімізді шуақты ете түсу үшін елімізді қуатты ету барлығымыздың ортақ парызымыз. Құрметті жерлестер,…

0
0
162

Қоғамдық қабылдау жүргізеді

Құрметті аудан тұрғындары!

2021 жылдың 10 қаңтары күні ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депуттарының сайлауы өтеді.

⠀

2020 жылдың 11 желтоқсанынан бастап 2021 жылдың 8 қаңтары аралығында Бөрлі аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде, сонымен қоса аудандық партиялық тізімдегі кандидаттар азаматтарды қашықтықтан да жүздесуге мүмкіндік жасайды.

Мекенжайымыз: Ақсай қаласы, Железнодорожный көшесі 125/2

⠀

Уважаемые жители района!

⠀

10 января 2021 года пройдут выборы депутатов маслихатов всех уровней и Мажилиса Парламента КР.

⠀

С 11 декабря 2020 года по 8 января 2021 года в кабинете в общественной приемной районного предвыборного штаба кандидаты будут принимать граждан района в онлайн формате.

Адрес: г. Аксай, ул. Железнодорожная 125/2

0
0
181