Мазмұнға өту

Жаңа

Қуанышқали Жеткізгенов - 1949 жылы 19 қазанда Форт-Шевченко қаласында дүниеге келді.

Қуанышқали Жеткізгенов еңбек жолын 1973 жылы Форт-Шевченко қалалық БЖСМ-де жаттықтырушысы қызметінен бастаған. 1998-2000 жылдары аудандық білім бөлімінде әдіскер, 2000-2004 жылдары Түпқараған аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, 2006 жылдары аудан әкімшілігі жанындағы жаңадан құрылған спорт бөлімін басқарды. 2007-2019 жылдары аталған спорт мектебінде директордың оқу жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Еңбек жолында спорттан қол үзбей баскетболдан аудандық құрама командасының капитаны, футбол, жеңіл атлетика, үстел теннисінен әлденеше рет облыстық жарыстардың жеңімпазы атанды. Ауданымызда бұқаралық спортты дамыту бағытында халықтың кең көлемде спортпен шұғылдануына өз үлесін қосып ұйымдастырушы болды. Ардагер спортшыларымыздың бірегейі - Қуанышқали Жеткізгенов…

0
0
187

Аудандық маслихат депутаттығына үміткер Сағынғалиев Даурен Аманбекұлы тұрғындарды қабылдады

Индер аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық маслихат депутаттығына үміткер Сағынғалиев Даурен Аманбекұлы тұрғындарды қабылдады. Үміткер қабылдау барысында партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, ұсыныс-пікірлерін қабылдады

0
0
157

Республикалық жастар съезі...

Республикалық жастар съезі...

Желтоқсан айының 11-і күні Атырау облыстық, “NurOtan” партиясының мәжіліс залында ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қатысуымен өткен «Jas Otan» Жастар қанатының 𝗩 Съезіне делегат ретінде қатыстым.

Елбасы, Тәуелсіз елдің жастарына Тәуелсіздіктің қадірін түсініп, болашақта ТӘУЕЛСІЗДІКтен айырылып қалмауды мықтап тапсыра отырып “Жастар — ел дамуының негізгі күші» екенін баса айтты .

Съез кезінде жастар үшін жаңа серпін беретін 2025 жылға дейінгі “Жастар Отанға!” бағдарламасы қабылданды.

0
0
125

Әйелдер және отбасылық зорлық-зомбылық

Қазақтың батыр қыздары Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағанбетов мырзаға хат жазады!Құрметті Иманғали Нұрғалиұлы!Сіз ел ішінде ерекше орны бар, қазақтың айтулы азаматы деген сеніммен хат жазып отырмыз...Соңғы уақытта күйеуінің зорлық-зомбылығының нәтижесінде көз жұмған Сымбат Кулжагарованың мәселесіне байланысты қоғамда үлкен дау мен үреу туылды. Терезеден секірген, өз-өзін өлтіруге мәжбүрлеген, өлтіру, ауруханаға жабу секілді қорқыныш пен бопсалаулар көрсеткен күйеулер туралы қаншама жағдайлар айтылып жатыр, ал естімеген тағдырлар тағы көп. Қашанғы біздің қаракөздер кең қазақтың жерінде өз балаларының әкесінен қорлық көріп, қуғын-сүргін мен аяусыздыққа толы өмір сүріп, ақыры топырақ құшып тыныштық табуы керек... Әр нәзік жандының әкесі мен анасы қыздарын қызғыштай қорғап, қанаттыға қақтырмай, тұ…

5
4
1253

«Nur Otan» партиясы аудандық мәслихат депутатына үміткер сөзі

Еліміздегі көшбасшы ұйым «Nur Otan» партиясының атынан аудандық мәслихатқа үміткер ретінде ұсынылуымның басты мақсаты елдік мүдені көздеген саяси ұйыммен бірлесіп елге қызмет ету. Алдағы бес жылда елдің әлеуетін көтеретін мақсаткерлік бағдарлама қабылданып отыр. Осынау бағдарламаны жүзеге асыруға өз үлесімді қосуды өзіме парыз санаймын. Сол бағдарламада көрсетілген игіліктерді Индерлік жерлестерім де көруі тиіс деп санаймын. Ел тәуелсіздігін өркендетуге өлшеусіз үлес қосып отырған бас партия осы жолы да өз халқының лайықты дауысына ие болып, үмітті ақтай алатынына сенемін.

0
0
173

«Есіктен есікке» акциясы

«Есіктен есікке» акциясы аясында аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Карашина А, Доспаева А, Сағынғалиев Д аудан тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы насихаттау жұмысын жүргізіп, «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

Шара барысында санитарлық талаптарға сәйкес, қауіпсіздік шаралары сақталынды.

0
0
162

Канвассинг жалғасуда

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер, Сайқын ауылының құрметті азаматы, «Социалисттік еңбек ері» марапатының иегері – Ескендір Есімовтің үйінде болып, ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында өзара сұқбат алаңын ұйымдастырды.

Кездесу кезінде ақсақал өзінің еңбек жолынан сыр шертіп, келер ұрпаққа өзінің аманатын жеткізді. Ағымда жүргізіліп жатқан сайлау науқанына сәттілік тілеп, батасын сұрай келген үміткерлерге ақыл-кеңесін айтты.

0
0
116

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттың сенімді тұлғалары "Есіктен есікке" акциясын өткізді.

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттың сенімді тұлғалары Саран қаласы тұрғындарының пәтерлеріне барып, "Есіктен есікке" акциясын өткізді. Акция барысында сайлаушыларға үгіт-насихат материалдары таратылып, "Nur Otan"партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары түсіндірілді.

Бүгін азаматтар «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде.

Қаланың барлық тұрғындарын азаматтық белсенділік танытып, 2021 жылдың 10 қаңтарында мақсаты еліміздің дамуы мен гүлденуі болып табылатын "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырамыз!

​Біз сіздің сеніміңізді бағалаймыз және бірге жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
145