Мазмұнға өту

Жаңа

Акция "Есіктен есікке".

«Nur Otan» Партиясынан Балқаш қалалық мәслихаты депутаттығына үміткерлер «Есіктен есікке» акциясына белсенді қатысуда.

Мәселен, үміткерлер дүйсенбі күнгі шарада қала халқына партияның сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттарды таныстырды.

Сондай-ақ, қалалықтардың ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді. Халықты алдағы сайлауда белсенділік танытуға шақырды.

0
0
136

Есіктен есікке

Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ғ.Нұрмухановтың сенім білдірген өкілдері, штаб мүшелері "Есіктен есікке" акциясы аясында Жымпиты ауылының еңбек ардагерлерімен кездесті. Кездесу барысында сенімді өкілдер партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

0
0
124

Жергілікті мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттардың Күйгенжар кентімен үгіт-насихат кездесуі

"Nur Otan" партиясы Нұр-Сұлтан қаласынан жергілікті мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттардың Күйгенжар кенті тұрғындарымен үгіт-насихат кездесуі өтті.

Кездесу аясында Балтаева Ханзада Жаппасқызы - "Халықаралық жаһандық әйелдер көшбасшылығы" қоғамдық бірлестігі Президенті, Алин Қанат Төлеубекұлы - "ҚР Грэпплинг Қауымдастығының" президенті, Жаксылыкова Әсемгүл Сабырханқызы - ҚР Әділет министрлігі директорының орынбасары қатысты.

Кездесу аясында Күйгенжар кентінің тұрғындары және де белсенді тұрғыны Темірхан есімді бауырымыз жүрек жарды сұрақтарын қойып, кандидаттарымыз тұщымды жауаптарын беріп, іс-шара жоғары деңгейде өтті.

0
0
189

Есіктен есікке

Алдымен “Nur Otan” партиясының сайлау алды бағдарламасымен таныстырып, ұсыныс пікір қабылдадым.

Кейін, тұшымды ойлар айтылып, сайлауға барып, өз таңдауын жасайтынын жеткізді.

0
0
157

Бүгін «Nur Otan» партиясы Жуалы аудандық Сайлауалды штабында қоғамдық қабылдау өтті.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Жуалы аудандық Сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тізімге енген кандидаттар Әбілдаева Гүлнара Жақсылыққызы және Мұсаханова Гүлнәр Махамбетқызы ZOOM платформасы арқылы қабылдау жасады. Аталған онлайн байланыста аудан тұрғындары жеке сұрақтары бойынша, мысалы, тұрғын үй, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек және т.б. мәселелермен қайырылды. Барлығына түсініктемелер беріліп, ұсыныс-тілектері қабылданды.

0
0
175

"Zoom"платформасы арқылы Қарасаз ауылының тұрғындарымен онлайн үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Бегалиев Керімқұл Мамырұлы "Zoom"платформасы арқылы Қарасаз ауылының тұрғындарымен онлайн үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Тұрғындардың ұсыным-тілектерін тыңдап, өз сайлауалды бағдарламасының негізгі міндеттерін таныстырды.

0
0
138

Партия мүшелері партияның жетістіктері мен атқарылған істері жөнінде баяндады.

«Nur Otan» партиясынан Ақмола облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ирина Жукова мен Марат Атабаев, Шортанды аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ахмедия Қожамсейітов, Гүлнұр Сәдуақасова, Әділ Кауметов, Іңкәрім Қабылхан Андреевка ауылының тұрғындарымен кездесіп, үгіт-нәсихат жұмыстарын жүргізді.Партия мүшелері партияның жетістіктері мен атқарылған істері жөнінде баяндады.Бағдарламада белгіленген дамудың жеті басымдығы талқыланып, оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту үшін жағдай жасау басты мәселе екенін айтқан болашақ халық қалаулылары ауыл тұрғындарын алдағы сайлауда дұрыс таңдау жасауға шақырды.Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ирина Жукова әлемді жайлаған пандемия кезеңінде де нұротандықтар халықты қолдап, көмек көрсеткенін айтты.-…

0
0
167

«Есіктен – Есікке» акциясы

Алматы қалалық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарымен қызу айналысуда. Солардың бірі болып «Nur Otan» партиясы жанындағы Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің мүшесі Ерлан Диана «Есіктен – Есікке» акциясы аясында сайлаушылармен кездесті.

-------------------------------------------------

Кандидаты в депутаты городского маслихата Алматы ведут активную агитационную работу. Одним из них был член Республиканского совета по защите прав детей при партии «Nur Otan» Ерлан Диана, которая встретился с избирателями в рамках акции «От двери к двери».

#NurOtan #NurOtanAlmaty

0
0
146