Мазмұнға өту

Жаңа

Аурухана басшылығымен онлайн жүздесу

Партияның кезекті жоспарына сәйкес Бөрлі аудандық  орталық ауруханасының бас дәрігері Шыңғыс Сәрсенғалиевтің қатысуымен онлайн кездесу өтті. Кездесу барысында  аудандағы медицина қызметтерлері спектрін кеңейту бойынша және атқарылған жұмыстар барысында әңгіме болды.

1
0
188

Облыстық мəслихат депутаттығына үмiткерлер кездесу өткізді

Облыстық мəслихат депутаттығына үмiткер А. Агаев, А. Мукангалиева, Р.Азаматов, И. Карабаев, И. Сатимов "Северный" БПҰ мүшелерімен кездесті.

Олар осыған дейінгі партия жетістігін, ел мүддесі үшін жасалған жұмыстарды тізбектей келе, өздерінің де ел алдында жасаған  және алдағы уақытта іске асырмақ жоспарларымен бөлісті. А.Агаев партияның алдағы жоспарларына кеңірек тоқталып,

сапалы жол және  құрылыс мәселелерін басты назарға ұстайтындығын айтса,Исатай Карабаев сайлаудың маңыздылығы жөнінде тоқталып, осы кезге дейін партияның ел мүддесі үшін жасалған игі істеріне, ел дамуындағы үлесі жөнінде мысалдар келтіре отырып тоқталды. Сондай-ақ  спорт денсаулық кепілі. Қай-қайсымыз да бейбіт елде бақытты ғұмыр кешуіміз үшін, алдымен мықты денсаулықтың болу керектігін, өмірге әкелген әр ұрпағымыздың да денінің сау болуын  басты назарға ұстайық. Сол мақсатта мен үміткер ретінде депутаттар қатарындамын. Алдағы уақытта өз саламды халыққа одан әрі пайдалы болу үшін қызмет ете беремін десе, Руслан Азаматов  өзін таныстыра келе, сонау тарихтан үш жүздің басын қосқан Абылайханнан бергі қазақ даласындағы оң өзгерісті айта келіп,  әр жылдың өзіндік қалдыратын тарихи сәтінің болатынын, алдағы болатын осы сайлаудың да алар орынының зор екендігіне тоқталды. «Осы кезге дейін оң өзгерістер әкелген партия құрамына үміткер болғандығым мен үшін үлкен жауапты іс. Бүгінгі таңда жастармен тікелей жұмыстанып жүргендіктен, келешекте де елдің болашағы жастар үшін еш аянып қалмаймын. Жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін, бизнес ашу т.б бағыттар бойынша жастармен бірлесе отырып жұмыстанатын боламын» деді үміткер Руслан Нұрболатұлы. Айнұр Мукангалиева да өз сөзінде елдің қарқынды дамыған тұстарынайта келіп, дені сау ұрпақтың еркін білім алуына үлес қосуына баса күш салатынын айтты. Исатай Сатимов болса партияның жетістіктеріне тізбелеп, «Бүгінде өркениетті елдермен иық тіресе  жүре алуымызға бірден-бір үлес қосушы осы Нұротан партиясы екенін айта кеткен жөн. Экономикамыз дамып, балаларымыз қалаған бағытта білім алып, бейбіт өмірде ғұмыр кешудеміз. Осының басы-қасында Нұротан партиясы жүрді. Сондықтан да баршамыз ел үшін дауыс берейік деп сөзін түйіндеді.

1
0
278

«Nur Otan» – ХХІ ғасырдың партиясы!

«Nur Otan» – ХХІ ғасырдың партиясы!

«Nur Otan» – болашақтың партиясы!

«Nur Otan» – халықтық партия. Бізге ел тағдыры үшін жауапкершілік жүктелген. Партиямыз өзінің құрылған күнінен бастап адамның, қоғамның және мемлекеттің дамуына жасалатын жағдайды жақсарту мақсатымен экономика мен саясатта ауқымды реформаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келді.

Партияның негізін қалаушы – Елбасының басшылығымен Қазақстан халқы экономикасы серпінді дамыған қарымды қоғам және демократиялық мемлекет құрды. Біздің күш-жігеріміздің басты нәтижесі «Қазақстан-2030» Стратегиясының негізгі межелерінің мерзімінен бұрын жүзеге асырылуы болды.

Бүгінгі таңда мемлекеттілікті құру жөніндегі тарихи міндет  орындалды. Бұл – барлық қазақстандықтардың бірлігі мен келісімінің,  табанды да қажырлы еңбегінің, ортақ құлшынысы мен үміттерінің жемісі.

«Nur Otan» партиясы – қоғамды ұйыстыратын және Елбасының Мемлекеттік бағытын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін басым саяси күш.

Партия тұғырнамасы «Nur Otan»-ның ХХІ ғасырдағы миссиясын және «Қазақстан – 2050» Стратегиясын тиімді іске асыруды қамтамасыз етудегі біздің алар орнымызды айқындайды.

Біздің миссиямыз – эволюциялық дамуды қамтамасыз ету және алға қойған мақсатына ұмтылатын, заң талабын сақтайтын әрі еңбекқор азамат өзіне де, қоғамға да пайда келтіре алатын демократиялық, өркендеген, бәсекеге қабілетті және  әлеуметтік бағдарлы мемлекет құру.

0
0
192

Өңірде 693-белсенді жас сайлауалды үгіт науқанына қатысуда

Өңірде 693-белсенді жас сайлауалды үгіт науқанына қатысуда

«Nur Otan» партиясының сайлау алды үгіт науқанына Маңғыстау облысы бойынша 693 белсенді жас қатысуда. Жастардың жұмыстарын үйлестіру мақсатында жастар штабы құрылды. Жастар штабы құрамында белсенді жастармен қатар, ҮЕҰ мен БАҚ, студенттер, өңірдегі әр түрлі салада қызмет атқаратын жастар да бар. Жастардың негізгі міндеті сайлау алды үгіт материалдарын тарату, «Есіктен есікке» акциясы аясында тұрғындармен кездесіп, партияға дауыс беруге шақыру.

0
0
186