Мазмұнға өту

Жаңа

Zoom-платформасын да онлайн кездесу өтті.

Бүгін ҚР Парламентінің Мәжіліс депутатығына уміткер Жаңбыршин Еділ Терекбайұлы “ҚазақГазӨңдеу” ЖШС зауыты аппарат қызметкерлері және жұмысшыларымен Zoom-платформасын да онлайн кездесу өтті.

Зауыт ұжымына Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының негізді бағыттары мен партия ішінде жүргізіліп жатқан саясаты талқыланды.

Мұнайшыларды ұйымшылдықпен сайлауға келіп, партиямызға дауыс беруге үгіттедім!

Ел қазынасына үлес қосып отырған мұнайшыларымыздың еңбегі жемісті болғай!

0
0
159

"Есіктен есікке" акциясы

"Есіктен есікке" акциясы аясында Жаңбыршин Еділ түске дейін Теңге аулының Желтоқсан көшесіндегі бірнеше үйге кіріп шықты.

Тұрғындарды “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, 10 қаңтарда партиямызға дауыс беруге үгіттеу жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан Теңге аулына келетін маршруттық автобус мәселесін, бір тұрғын баласын өзінің зейнетке шыққан мекемесіне жұмысқа орналастыруды сұрады. Жалпы кездескен тұрғындар ағайын-тумаласты, көрші-көлемді сайлауға апаратындарын және партиямызға дауыс беретіндерін айтты.

0
0
158

Бүгін мәжіліс депутаттығына үміткер Казахбаев Оспан жас буын өкілдерімен экспромт кездесу өткізді.

ҚР Парламент Мәжілісі депутатына үміткер Казахбаев Оспан жас буын өкілдерімен экспромт кездесу өткізді.

Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай «Nur Otan» партиясы еліміздегі басты саяси күшке айналды. Осы жылдары партия ішкі тұрақтылықтың тірегі болып, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында аянбай жұмыс істеп келеді.»

Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірді. Жас буын өкілдерімен өзекті мәселелерін талқылап пікір алмасты. Партия үшін жас ғалымдардың орныәрдайым алдыңғы орында тұрады.

0
0
174

Тұрғындармен ашық диалог өтті

Мәжіліс депутатына үміткер Казпхбаев Оспан Теңге ауылындағы, Тобанияз көшесінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайық өмір!» партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатында халықпен ашық диалог орнатып, 20 жылдан аса тарихы бар еліміздің жетекші партиясының күні бүгінге дейін атқарған жұмыстары туралы сөз етілді. Сондай-ақ, партияның саяси күш ретінде мемлекетіміздің дамуы жолында, оның ішінде әр өңірдің әлеуетін арттырудағы оң бастамаларын жеткізіп, партияның басты міндеттерінің бірі елдің, халықтың сенімін ақтау екенін айтып өтті.Сондай-ақ еркін форматта өткен бұл кездесуде сайлаушыларға сайлауалды бағдарламада көрсетілген негізгі 7 басымдыққа топтастырылған бағдарламаны түсіндіре отырып, екі жақты пікір алмастық.Кездесу барысында сайлаушылар өз ау…

0
0
113

"Сенек" ЖШС Қызметкерлерімен онлайн кездесу

Бүгін 14.12.2020жылы Облыстық Мәслихат депутаттығына үмітер Жолдыбаев Асылбек, Әбдірахман Дидар, Аманиязова Мейрамгул "Сенек" ЖШС Қызметкерлерімен ZOOM желісі арқылы үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.

Жиналыс барысында партияның сайлауалды бағдарламасы түсіндіріліп, жұмысшылар тарапынан түскен сұрақтарға жауап берді.

0
0
224

Ауыл тұрғындарымен кездесу өтті

Бүгін Онды ауылдық мәдениет үйінде аудандық, облыстық мәслихат депутатына кандидаттардың ауыл тұрғындарымен кездесуі өтті.

Кездесуге Ж.Ешманов,Г.Серікова, Л.Тындырғанова, Е.Ещанов және Ж.Мұратбеков қатысты. Кездесуде кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасымен, алдағы нақты жоспарларымен бөлісе отырып, ауыл үшін жасалатын игілікті жұмыстар жөнінде баяндады. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, пайымды пікірлерін ортаға салды.

0
0
157

Zoom платформасында жиын өтті

Кандидаттардың сенімді өкілдерінің Маңғыстау аудандық ауылшаруашылық бөлімі мамандарымен және ауыл шаруашылық саласындағы жетекшілердің қатысуымен Zoom платформасында жиын өтті.Жиында бөлім басшысы Орынғали Сырымұлы ауылшаруашылық бағытында жасалып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Сонымен қатар, аудандық сайлауалды штабының басшысы О.Морханов алда келе жатырған сайлау науқанына белсенділікпен қатысуға шақырды.

0
0
213