Мазмұнға өту

Жаңа

«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Jas Otan»-ның Съезі

Елордада Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Jas Otan»-ның Съезі өтті.

Елбасы жастар қанатының мүшелерін «Jas Otan»-ның 20 жылдық мерейтойымен және келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдары қол жеткізген негізгі жетістіктерге тоқталып, осы жолда үлкен жұмыс атқарылғанын атап өтті.

– Мен бүгінгі таңда күллі қазақстандықтар мақтан тұтатын табыстарымызға жету қаншалықты қиын болғанын жақсы білемін. Өскелең ұрпақ қолда барды қадірлеуге, Отанымыздың әрі қарай өркендеуін ойластыруға, өз елін мақтаныш етуге тиіс. Жастар мүддесі әрдайым менің басты назарымда, – деді «Nur Otan» партиясының Төрағасы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті егемендік жылдары елімізде нақты әрі тиімді әлеуметтік лифттер құрылғанын айтты.

– Менің бастамаммен ел үшін ең күрделі кезеңде іске қосылған «Болашақ» бағдарламасымен 15 мыңға жуық жас қазақстандық білім алды. Бес жыл бұрын Назарбаев Университеті студенттерінің алғашқы легі түлеп ұшты. Осы жылдардың ішінде оқу орнында бес мыңға жуық маман даярланды. Мемлекет іске қосқан әлеуметтік лифттердің арқасында мыңдаған жас қазақстандық табысқа жетті, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Nur Otan» партиясының Төрағасы жастар қанатының мүшелеріне пандемия кезіндегі қайырымдылық шараларына және волонтерлік қызметке белсене атсалысқаны үшін зор ризашылығын білдірді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті жастар белсенділігі әрдайым саяси прогрестің қозғаушы күштерінің бірі болғанына назар аударды.

– Қазіргі кезде жігерлі әрі бастамашыл болудың маңызы ерекше. Өйткені біз тез өзгеріп жатқан әлемде өмір сүріп отырмыз. Көпшілікке таныс өмір салты артта қалғаны сөзсіз. Технологиялар мүмкіндіктеріміздің әлеуетін айтарлықтай арттыруда, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы елді дамыту және Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту ісіне жастардың белсене атсалысуының маңызын атап өтті.

– Ел ертеңі мен ұлт тағдыры жастарға тікелей байланысты. Қазіргі ұрпақ заман талабына сай дамып отыруы керек. Бүгін айтылғандардың бәрін менің өсиетім деп түсініңдер, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

0
0
157

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңындағы құттықтау челленджі

Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай, осы #челленджімді Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат  @Аманбек Мукановқа жолдаймын.

0
0
236

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау филиалының сайлауалды штабының ашылу жиыны

2020 жылдың 11 желтоқсанда «Nur Otan» партиясы Маңғыстау филиалының сайлауалды штабының ашылу жиыны өтті.

Салтанатты жиынға партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Әбілов, штаб мүшелері және «Jas Otan» жастар қанаты өкілдері қатысты. Сайлау комиссияларында 244 кандидаттан тұратын партиялық тізім тіркелді. Оның ішінде облыс бойынша 49, Мәжіліске 3, аудан, қалалар бойынша 195 кандидат тіркелді.

Партия басшылығының тапсырмасы бойынша өңірде сайлауалды Штаб құрылды. Штаб құрамына 70 адам кірді. Олар өңір тұрғындары арасында беделге және құрметке ие адамдар – мәдениет, білім, ғылым, азаматтық сектор, бизнес өкілдері, сондай-ақ мәслихат депутаттығына 49 кандидат. Штабтың барлық мүшелері сайлау науқандарын өткізу тәжірибесіне ие.

Сонымен қатар Республикалық сайлауалды штабпен келісім бойынша желілік кесте қабылданып бекітілді. Партияның аймақтық филиалы басшылығының қатысуымен 465 іс–шара, 58 көшпелі іс – шара өткізуді, 98 917 адамды қамту жоспарланып отыр. Оның ішінде 283 тікелей және 182 онлайн форматтағы кездесулер. Бұл ретте эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, барлық қауіпсіздік ережелері сақталатын болады.

Сонымен қатар, штаб жанынан өңірдің жас ұрпақтары арасында кең және белсенді үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға арналған Жастар қанаты құрылды. Оған «Jas Otan» жастар қанатының барынша дайындалған белсенділері, сондай-ақ ​ жергілікті жастардың сеніміне ие болған партияның жас жақтастары кірді.

0
0
137

«Мен партияға қосыламын» челленджін қолдау аясында партияға салтанатты қабылдау

Бүгін «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалында «партияға қабылдау Елбасының қатысуымен өткен БҰҰ Съезінде басталған «Мен партияға қосыламын» челленджін қолдау аясында партияға жаңадан қабылданған азаматтар мен азаматшаларға партиялық билеттері табысталды.

0
0
133

Сейсенбі күні «Nur Otan» партиясының Қордай аудандық сайлауалды штабы мүшесі Баян Қарамолдаева...

Сейсенбі күні «Nur Otan» партиясының Қордай аудандық сайлауалды штабы мүшесі Баян Қарамолдаева бастаған үгіт-насихат тобы Степной ауылында болып, ауыл шаруашылығы саласын дөңгелетіп отырған ауыл тұрғындарымен кездесті. Баян Нәзікеқызы алдымен кездесуге келгендерге партияның «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қордай ауданында 2015-2019 жылдардағы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Кездесуде сондай-ақ 7 басымдықты қамтыған ауданды кешенді дамытуға бағытталған партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы да жан-жақты насихатталды. Бағдарламада Степной ауылдық округі тұрғындарының алдағы уақытта бірқатар ауқымды мәселелері шешімін таппақ. Нақтырақ айтар болсақ, азаматтардың өмір сүру жайлылығын арттыру үшін 2025 жылға дейін аудандық маңызы бар 104,6 шқ жолды жөндеу жоспарланса, 2024 жылы жөнделетін 30,1 шқ ішінде Арал ауылына, Қалғұты ауылына кіреберіс жолдары бар. Сондай-ақ, 2022 жылы Степной ауылына сапалы ауыз сумен кірмек.

«Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатына жұмыс істеуді осылай жалғастырмақ.

8
0
239

"Желтоқсан жаңғырығы".

Бүгін Ақтоғай ауданы мәдениет үйінде Ақтоғай ауданы кітапханасы ұйымдастырған 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күніне арналған "Желтоқсан жаңғырығы" атты кітап көрмесі  өтті.

ПОСТ С ФБ

0
0
149

𝐐𝐨𝐠𝐚𝐦𝐝𝐲𝐤𝐐𝐚𝐛𝐲𝐥𝐝𝐚𝐲𝐁𝐨𝐥𝐦𝐞𝐬𝐢-нің бекітілген кестесі

𝐐𝐨𝐠𝐚𝐦𝐝𝐲𝐤𝐐𝐚𝐛𝐲𝐥𝐝𝐚𝐲𝐁𝐨𝐥𝐦𝐞𝐬𝐢

Сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесіндегі кандидаттар мен партияның сенімді өкілдерінің азаматтарды қоғамдық қабылдау  жөніндегі кестесі.

0
0
159