Аудандық партия төрағасының мерекемен құттықтауы
Сіздерді мемлекетіміздің ең ұлық мейрамы - Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!16 желтоқсан - ата-бабамыздың сан ғасыр бойы аңсаған асқақ арманы мен ақжарма тілегі орындалып, жарқын жасампаздық пен үкілі үміті үстем болып, егемен еліміздің еркін дамуына айқара жол ашқан - қасиетті де қастерлі күн.Тәуелсіздікті алған сәттен бастап, Елбасымыздың сарабдал саясатының, көреген көшбасшылығының арқасында Қазақстан мемлекеті жаңа жетістіктер және табысты өзгертулермен тамаша жалғастырып, үлкен жетістіктерге жетті. Тәуелсіздік жылдарының ішінде біз әлемдік құрмет пен үлкен белестерге қол жеткіздік.Президентіміздің ел тұрмысын жақсартудағы тапсырмаларын орындау арқылы, біз алдағы уақытта ауданымыздың жоспарлары мен мақсат-міндеттеріне орай аймақ дамуындағы өзекті мәселелерді бірлесе шешіп…