Мазмұнға өту

Жаңа

Ақын Әнуар Бимағамбеттің«Сәру-Күннің сәулесі» атты шығармашылық кеші

Кешке мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов, мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Есенғали Раушановтар қонақ ретінде қатысты.

Кеште көрермендер ақынның туындыларымен танысты. Сонымен қатар, өлкеміздің жас ақындары өз туындыларын оқыды.

Кеш соңында Маңғыстау облысының әкімі Тұрымов Серікбай Өтелгенұлы бүгін Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма төрағасының қолынан «Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі» куәлігін алған ақынды құттықтап, шығармашылығына табыстар тіледі.

Сонымен қатар, ақынның ұстаз ағалары ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын Сабыр Адай және «Құрмет» орденінің иегері, ақын Светқали Нұржан өз тілектерін арнады.

0
0
195

Партиялық бақылау комисииясының төрағасы А.Алтыбаев "Есіктен есікке" акциясына қатысты.

"Nur Otan" партиясыс Қызылқоға аудандық филиалы Партиялық бақылау комисииясының төрағасы, А.Алтыбаев және мүшесі Н.Бижанов "Есіктен есікке" акциясына қатысты. Үгіт насихат барысында тұрғындармен кездесіп ұсыныс пікірлерін тыңдады.

0
0
189

Білім саласы өкілдерімен кездесуі өтті.

Аудандық балалар өнер мектебінде аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Сәуле Бусаханова, Рима Бердиева, Жұлдыз Байтұрғанова және Жаннат Қуатбаеваның білім саласы өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесуде кандидаттар өздерінің жоспарларымен бөлісіп ойларын ортаға салды.

0
0
171

"Есіктен есікке" акциясы

Акция аясында тұрғындарды “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, 10 қаңтарда партиямызға дауыс беруге үгіттеу жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында қала тұрғындары тарапынан сайлаудың өту барысы, қалай дауыс беретіндіктері, мектептерде сабақ беру бұрынғыша жүргізілуін сонымен қатар тұрмысы төмен отбасыларға көңіл бөліп алдағы уақытытта қайырымдылық шараларын өткізіп отыруға ұсыныс пікірлерін жеткізді. Жалпы кездескен тұрғындар ағайын-тумаласты, көрші-көлемді сайлауға апаратындарын және партиямызға дауыс беретіндерін айтты.

3
0
209

Партияластар ағаштарға көмектесе ала ма?

Партияластар ағаштарға көмектесе ала ма? Мұндай сұраққа депутаттыққа кандидат сайлаушылармен кездесу кезінде жауап беруге тура келді.17 желтоқсан күні Павлодар қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттар «Қазақтелеком» АҚ еңбек ұжымымен кездесу өткізді.Төрт адам партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстыруға және туған қаласының болашағы туралы өз көзқарастарымен бөлісуге дайын болды. Тұрғын үй алуға, экологияға және коммуналдық желілерді жаңғыртуға байланысты мәселелерді Ғабит Хафиз, Михаил Желнов, Болат Жұмаділов және Әлия Асқарова «Қазақтелеком» қызметкерлерімен талқылады.Қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Ғабит Хафиз жастардың проблемаларына назар аударды. Михаил Желнов қалалық коммуналдық желілердің нашар жағдайы туралы айтты. Оның айтуынша, желілер 80 пайызға жуық тозған.…

0
0
179

2020 жылы 16 желтоқсанда аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер

2020 жылы 16 желтоқсанда аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер Бөкейхан Ө Шет ауданы Ақой ауылының тұрғындарымен кездесіп, канвассинг өткізді. Канвассинг барысында оларды ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтап, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірді.

Сондай-ақ, отбасының кәмелетке толған мүшелерін 2021 жылдың 10 қаңтарында азаматтық белсенділік танытып, мақсаты еліміздің дамуы мен гүлденуі болып табылатын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Бүгінгі таңда Аудан тұрғындары «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде.

Біз Сіздердің сеніміңізді бағалаймыз және жақсы нәтижелерге бірге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!

0
0
160

Кезекті кездесу

Кездесуде штаб мүшелері алдымен денсаулық саласының қызметкерлеріне және емханаға келген емделушілерге “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесуде қкеліп түскен сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныс пікірлер ескерілді.

3
0
198