Мазмұнға өту

Жаңа

Есіктен-есікке

Қасым да, мен де - Өлеңті ауылында тудық. Нағашы - жиендігіміз де бар. Бірге ойнап, бірге өстік. Ол мектеп бітіріп, Ақтөбе қаласына оқуға кеткен. Ауылға дәрігер болып оралды. Қазір бір ауданның білдей хирургі. Мен болсам қалам ұстап, газетте жүрмін.

Осы күзде Қасым бауырымыз екеуіміз "Nur Otan" партиясының ішкі сайлауы - праймеризге қатыстық. Алланың қалауымен халық қолдап партиялық тізімнің алдыңғы қатарынан орын алдық. Алла бұйыртса аудандық мәслихат мінберіне ауылдас ағайынның аманатын тасушы адам болсақ деп отырмыз.

Алда - сайлау. Саяси науқан қызу жүруде. Мойынындағы ойдай аманат пен қарайған жұрттың үміт - сенімі "Nur Otan" - ға осы саяси аламанға ат қостырды.

"Nur Otan" - аты тек төрт - бес жылда бір аталып, төбесі сайлау кезінде ғана көрінетін басқа партиялардай емес, Тәуелсіз Қазақстанмен бірге жасап, бірге өркендеп келе жатқан саяси ұйым.

Кеше  Қасым екеуіміз ауылдың қарттарына амандасып, мерекелерімен құттықтап, хал - жағдайларын біліп қайттық. Әуелі еңбек ардагері, көнекөз қария Болат Уәлиев ақсақалға сәлем бердік. Кейін еңбек ардагері Қалеш қарттың шаңырағында болдық. Қарттар қуанып қалды.

Қарттарға барғандағы тағы бір шаруамыз - ауылда салмағы бар адамдарды бас партияны қолдауға үндеу. Біз үндемей - ақ, қос қария да Елбасы, партия төрағасы Н. Назарбаевтың саясатын қолдайды екен. Сондықтан, алдағы сайлауда олар "Nur Otan - ға" дауыс береді деп сенеміз.

Ақсақалдар партияның аудандық филиалына елдің атынан аманат - тілек арқалатып жіберді. Бірінші ұсыныс - Өлеңті ауылына мәдениет үйі керек. Халыққа да, мәдениет саласында білім алып, жұмыссыз жүрген жастарға да тиімдісі - осы. Екіншіден, Өлеңті көшелеріне асфальт керек. Болат қария орталық көшеге радио орнатылса дейді. Қалеш қарт ас беру, тасаттық жасау шараларына демеуші ретінде ауылдағы шаруашылық иелерін тарту, соны дәстүрге енгізу туралы ой айтты. Өлеңтідегі жаңа саябақтың ішіне жаңа спорт алаңы салынса дейді олар.

Партия филиалы қатеріне алар деп осы постты жазып отырмын.

0
0
233

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы және жәрдемақы төлемдерінің арттыруы туралы

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық қалыптасқан зейнеткерлерге жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері алынатын мөлшерден 7% - ға арттырылады, бұл ретте зейнетақының ең төменгі мөлшері 43 272 теңгені құрайды;

Жаңадан тағайындалатын зейнетақы мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 2021 жылы 134 182 теңгені (46 АЕК) құрайды, 2020 жылы 127 788 теңгені құрады.

ЕТК-тің ұлғаюына байланысты мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 5% - ға арттырылады, бұл ретте оның ең төмен мөлшері 18 524 теңгені, ең жоғары мөлшері-34 302 теңгені құрайды.

Ең төменгі базалық зейнетақы алушылар зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан аз немесе өтілі мүлде жоқ зейнеткерлер болып табылады, ең жоғары базалық зейнетақы алушылар зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 33 жыл және одан көп болатын зейнеткерлер болып табылады.

Жаңа жылдан бастап Қостанай облысы бойынша 136 мың зейнеткерлерге қатысты.

Мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің және айлық есептік көрсеткіштің ұлғаюына байланысты жыл сайын индекстеледі.

Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың барлық 20 түрінің мөлшері, балалы отбасыларға төленетін жәрдемақылардың мөлшері: бала туғанда және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақылар, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған көп балалы аналарға, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға (қамқоршыларға), бала кезінен 1-ші топтағы мүгедектің күтімін жүзеге асыратын адамдарға жәрдемақылар 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕТК-тің (34 302 теңге) және АЕК (2 917 теңге) ұлғаюына байланысты 5% - ға артады.

Еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер де 5 пайызға арттырылады.

Жалпы жаңа жылдан бастап Қостанай облысы бойынша жәрдемақы түрлерінің 66,5 мыңға жуық алушысына қатысты.

Зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді арттыру бойынша іс-шаралар белгілі бір уақытты талап етті және бүгінгі күні аяқталды. Жаңа жылдың алғашқы жұмыс күнінен бастап біздің барлық алушыларымыз төлемдерді жоғары мөлшерде алатын болады.

***

Размеры пенсионных выплат по возрасту и за выслугу лет всем состоявшимся пенсионерам с 1 января 2021 года повышаются на 7% от получаемого размера, при этом минимальный размер пенсии составит 43 272 тенге;

Максимальный доход, учитываемый для исчисления размеров вновь назначаемых пенсий в 2021 году составит 134 182 тенге (46 МРП), в 2020 году составлял 127 788 тенге.

Размеры государственной базовой пенсионной выплаты повышаются на 5% в связи с увеличением ПМ, при этом её минимальный размер составит 18 524 тенге, максимальный размер - 34 302 тенге.

Получателями минимальной базовой пенсии являются пенсионеры, у которых стаж участия в пенсионной системе составляет 10 лет и менее или стаж вовсе отсутствует, получателями максимальной базовой пенсии являются пенсионеры, у которых стаж участия в пенсионной системе составляет 33 года и более.

Повышение с нового года коснется 136 тыс. пенсионеров по Костанайской области.

Размеры государственных пособий ежегодно индексируются в связи с увеличением величины прожиточного минимума и месячного расчетного показателя.

Так размеры государственных пособий по инвалидности и по случаю потери кормильца, размеры всех 20 видов специальных государственных пособий, размеры пособий, выплачиваемых семьям, имеющим детей: пособия на рождение ребенка и по уходу за ребенком до достижения им возраста одного года, пособия многодетным матерям, награжденным подвесками «Алтын алқа», «Күміс алқа» или получившие ранее звание «Мать-героиня», пособия родителям (опекунам), воспитывающим детей-инвалидов, лицам, осуществляющим уход за инвалидом 1-ой группы с детства с 1 января 2021 года повышаются на 5% в связи с увеличением ПМ (34 302 тенге) и МРП (2 917 тенге).

Социальные выплаты из Государственного фонда социального страхования на случай утраты трудоспособности и потери кормильца повышаются также на 5 процентов.

В общем повышение с нового года коснется порядка 66,5 тыс. получателей различных видов пособий по Костанайской области.

Мероприятия по повышению пенсионных и социальных выплат требовали определенного времени и на сегодняшний день завершены. С первого рабочего дня нового года все наши получатели будут получать выплаты в повышенных размерах.

0
0
403

«Есіктен есікке» акциясы

Бүгін Қарағаш  ауылдық округінде облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Мадияр Жеңісұлы Байжанов «Есіктен есікке» акциясы аясында алдағы 10 қаңтардағы мәжіліс,  облыс және  аудандық мәслихат депутаттарының сайлауына  қатысуға және «Nur Otan» партиясын қолдауға шақыру мақсатында тұрғындармен кездесті.Үгіт насихат материалдарымен таныстырды. Біздің сайлау науқанындағы басты ұранымыз – «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» - ол еліміз үшін күрделі кезеңдердегі қоғамымыздың басты біріктіруші мақсаты мен құндылықтарын көрсетеді. Онда Елбасы айтқан жетістіктің үш негізгі қағидаты бар. Бұл - жауапкершілік, партиямыздың бірлігі, ортақ мұраттар мен мақсаттарды ұстану.

0
0
186

Бүгін сайлаушылармен кездесу өтті!

Бүгін сайлаушылармен кездесу өтті!

Шымкент қаласы Әль-Фараби  ауданының аумағында қарасты Байтұрсынова,Әлімбетова, Наурыз мөлтек аудандарының   үй тұрғындарымен Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Е.М Омаров кездесу өткізді.  Кездесу барысында сайлаушыларға "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы бес жылдық жұмыс жоспарын баяндадық.

Көп қабатты үй тұрғындары "Nur Otan" партиясына сенімдерінің мол екендіктерін жеткізе отырып, бірқатар әлеуметтік мәселелер жөнінде ұсыныс талап тілектерін де білдірді.

0
0
193