Мазмұнға өту

Жаңа

Мәжіліс депутаттығына үміткердің сенімді өкілі Сарышаған кенті тұрғындарымен кездесу өтті.

Қазақстан Республикасы Мәжіліс депутаттығына үміткердің  сенімді өкілі Малдарбеков Мұрат Тусынович Сарышаған кенті тұрғындарымен онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында партияның негізгі сайлауалды бағдарламасы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кент  тұрғындарынан  қойылған сұрақтарға толықтай  жауап берілді.

Соңында сенімді өкіл сайлаушыларды 2021 жылғы 10 қаңтарда сайлау учаскелеріне келіп, «Nur Otan»партиясына өз дауыстарын беруге шақырды.

БІЗ ҚИЫНДЫҚТЫ ЕҢСЕРІП, ЖЕҢІСКЕ БІРГЕ ЖЕТЕМІЗ!

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

ПОСТ С ФБ

0
0
195

Ақжайық тұрғындарымен кездесу

Бүгін республикалық сайлауалды штабының мүшесі,  мемлекет және қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан Орал қаласында болып, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына келген тұрғындармен жүздесті. Кездесуде сөз алған Б. Тілеухан тұрындарды бірлікке, ынтымаққа шақырып, алдағы сайлау науқанына қатысып, "Nur Otan" партиясына және аталған партия атынан сайлауға түскен үміткерлерге  дауыс беруге үгіттеді.

@nur_otan

@bekbolat.tleukhan

#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo

қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

преодолев испытания, победим вместе!

0
0
161

Арқалық қалалық "Jas Otan" жастар қанатының бөлім басшысы Данияр Қожахметов

"Nur Otan" партиясы Арқалық қалалық филиалы жанындағы "Jas Otan" жастар қанатының бөлім басшысы Данияр Қожахметов Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесіне  орай "Халық алғысы" медалімен марапатталды. Данияр Қуанышұлын, шын жүректен құттықтаймыз!

0
0
154

Сапалы ауыз сумен және орталықтандырылған газбен қамтамасыз ету жұмыстары.

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы негізінде Жамбыл облысы бойынша алдағы 5 жылда атқарылатын жұмыстармен таныстыруды жалғастырамыз. Келесі бір өзекті мәселе сапалы ауыз сумен және орталықтандырылған газбен қамтамасыз ету жұмыстары.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

✅Тараз қаласы мен 10 аудандағы 85 ауылдық елді мекенде жалпы ұзақтығы 862 шқ су құбыры желілерінің құрылысын іске асыруға (2021 ж. – 13 АЕМ, 2022 ж. – 45, 2023 ж. – 25, 2024 ж. – 2 АЕМ. 36 ауылда ауыз су тазарту ұңғымасын орнатуға (2022 ж. - 11, 2023 ж. - 25).

✅ 8 ауданда - Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Сарысу, Т. Рысқұлов, Талас аудандарындағы 107 ауылдық елді мекенді жалпы қуаттылығы 582,7 шқ газбен жабдықтауға (2021 ж. – 20 АЕМ, 2022 ж. – 34, 2023 ж. – 23, 2024 ж. - 15 , 2025 ж. – 15);

✅ 2025 жылға дейін жазғы саяжай алқаптары тұрғындарын инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Нәтижесінде, облыстағы 119 ауылдық елді мекендегі 125,8 мың тұрғынды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда.

2025 жылға қарай 107 елді мекендегі 128 мың тұрғындар орталықтандырылған газбен қамтылады.

#сайлау_2021
#Нұр_Отанға_Дауыс_бер
#BizBirgemiz

0
0
197