Мазмұнға өту

Жаңа

Аудандық мәслихат депутатығына үміткер онлайн қабылдау өткізді

Қаратөбе аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Н.Меңдешов азаматтарды онлайн және офлайн форматында қабылдайды.

0
0
152

Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

«Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалынан облыстық  мәслихатқа ұсынылған үміткерлер   Баймахан Сүлейменов, Мұрат Садуов, Жанат Тоғайбекова, Данияр Юнусалиев әлеуметтік желілер арқылы сайлаушылармен кездесті.

Онлайн өткен басқосуда сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.

0
0
221

Ақтау қаласындағы орталық аурухана қызметкерлерімен кездесті.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында облыстық мәслихат депутатына үміткерлер А.Өрісбаев, Р.Өтесбаева, И.Бимырзаев, А.Сапаров Ақтау қаласындағы орталық аурухана қызметкерлерімен кездесті.

2023 жылға қарай дәрігерлердің еңбекақысы 2,5 есе өсіп, кем дегенде 550 000 теңге, ал орта медициналық персоналдың жалақысы кем дегенде 190 000 теңге болады.

Медициналық кадрларды оқыту халықаралық стандарттарына өтеді.

Әрбір өңір дәрі-дәрмектің, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық жабдықтардың қажетті резервімен қамтамасыз етіледі.

Аудандық ауруханаларды қазіргі заманғы компьютерлік томографтармен, рентген аппараттарымен, перзентханаларды қажетті медициналық жабдықтармен жарақтандыру жөнінде шаралар қабылданады.

Облыстық мәслихат депутатына үміткерлер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламамен таныстырды.

0
0
144

Мәжілісінің депутаттығына үміткер Сәлімжан Нақпаев Құрманағазы ауданының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттығына үміткер Сәлімжан Жұмашұлы Нақпаев С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде Құрманағазы ауданының тұрғындарымен кездесті.

Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасының алдағы жылдары атқарылатын жұмыстардың басым бағыттары таныстырылып, елдің алдағы жарқын болашағы үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды.

0
0
126

Сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді

"Nur Otan" партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған үміткерлер Талғат Балабиев, Арман Шалданбаев, Сержан Байсбаев, Гүлжан Қадырова  ZOOM платформасы арқылы Бабайқорған ауылының тұрғындарымен   тікелей эфирге шығып, сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді.

Онлайн өткен басқосуда сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.  Дамудың жеті басымдықтарына жеке-жеке тоқталған үміткерлер  білім,әлеуметтік,кәсіпкерлік бағыттары бойынша  партияның сайлауалды бағдарламаларын толығымен түсіндірді.Онлайн кездесуде  партияның алда атқарар жұмыстарын талқылады.

Құрметті сайлаушылар!

Алдағы сайлауға белсенділікпен қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіз.

0
0
218