Мазмұнға өту

Жаңа

Ақсу ауданы тұрғындарының өмір сүру ұзақтығын 90 жасқа дейін арттыру көзделіп отыр

.Ақсу ауданына арнайы барған біз ауыл ақсақалы және құрметті азаматы 83 жастағы Байдалин Кеңесбек ағаның үйіне бас сұқтық.Өмірі өнегеге толы қартымызбен мәнді әңгіме-дүкен құрып, Ақсу ауданының дамуына қатысты бағдарламаның жай-жапсарына тоқталып өттік.Айта кетер болсақ, аудандағы медицинаның сапасын жақсарту, дәрігерлердің біліктілігін арттыру және медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету, одан бөлек, жастар мен жұмыссыздық мәселесі, баспанамен қамту сынды мәселелеріне баса назар аудардық.Мәселен, алдағы бес жылда аудан бойынша 6 дәрігерлік , 12 медициналық пункт, фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, 9 мекемеге күрделі жөндеу жүргізілмек.Сондай-ақ, медмекемелер компьютерлік томография, велоэргометр, ауданның дәрігерлік амбулаториялары үшін ЭКГ 12 каналды аппараты сынды жабдықтармен толығатын болады.Ескере кетер жайт, біз ат басын бұрып, үйіне арнайы барған Кеңесбек аға аудан игілігі үшін ондаған жылдар бойы жемісті қызмет етіп, бар ғұмырын халқы үшін еңбек етуге жұмсаған.Ел жағдайын жақсы білетін қария біздің әр сөзімізді мұқият тыңдап, өз ұсыныстары мен талап-тілегін де жеткізуді ұмытпады.Кездесуде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталды.#NurOtan #Алматыоблысы #NurOtan2021 #JenimpazBo

0
0
180

Қаратөбе АПБТ бөлімшесінде қызмет алушылармен экспромт кездесу өткізді.

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер үгіт-насихат жұмыстары аясында Қаратөбе АПБТ  бөлімшесінде қызмет алушылармен экспромт кездесу өткізді.

Кездесу аясында сайлаушыларға "Nur Otan" партиясының алдағы 5 жылға арналған сайлауалды бағдарламасы бойынша ауданымызда атқарылатын жұмыстардың бсым бағыттарымен  таныстырып, алдағы сайлауда белсенділік танытып, дауыс беруге қатысып, еліміздің болашағы үшін дұрыс таңдау жасауға үгіттеді.

0
0
201

«Nur Otan» партиясы Үржар аудандық сайлауалды штабы

2020 жылдың 24 – шы желтоқсаны күні «Nur Otan» партиясы Үржар аудандық сайлауалды штабының мүшелері, аудандық, облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер және олардың сенімді өкілдері Мақаншы ауылдық округінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, партияның болашақ жоспарлары талқыланды. Тұрғындар өз кезегінде ауданның дамуы жайында бірнеше ұтымды ұсыныстар айтты. Кездесу соңында тұрғындар сайлауалды штабының жұмысына сәттілік тілеп, оң бағасын берді.

18
0
226

"Есіктен есікке" акциясы Саралжын ауылында

Бүгін  аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер А.Мырзағалиев пен Б.Зайнуллин "Есіктен есікке" акциясы аясында Саралжын ауылының тұрғындарының үйлеріне барып, партияның Сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, 10 қаңтардағы сайлауға белсенді қатысуға және "Nur Otan" партиясын қолдауға шақырды.

0
0
136

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Б.Қаратаев атындағы мектеп қызметкерлерімен кездесті

Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың  Б.Қаратаев атындағы мектеп қызметкерлерімен «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.

0
0
193

Тікелей эфир

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат әлеуметтік желіде тікелей эфирге шықты. Онлайн кездесу барысында Сенкебаев Руслан Исабекұлы сайлауалды бағдарламасы бойынша сұрақтарға жауап берді

0
0
147