Мазмұнға өту

Жаңа

Nur Otan Оралда: Мұғалімдердің жалақысын 2 есеге арттырамыз

Өңірдің ұстаздар қауымымен кездесуде алдағы 5 жылда білім саласын дамытудың негізгі басымдықтары талқыланды.

«Біздің міндетіміз – мұғалім кәсібінің беделін одан әрі көтеріп, ұстазға құрметті күшейту. Енді педагогтар жалақысы 2 есе өсетін болады. 2025 жылға қарай 800 жаңа білім беру нысанын салу есебінен апатты және үшауысымды мектеп мәселесі шешіледі. Сондай-ақ, шағын қалаларда, аудан орталықтары мен ауылдарда 5 мың мектеп жаңғыртылады. Барлық ауылдық мектептер жылдамдығы жоғары Интернетпен қамтылады», - деп атап өтті Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Бауыржан Байбек.

Бұдан соң билеуші партия өкілдері волонтерлармен, студент жастармен және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесті. Партия баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 желтоқсанда өткен «Jas Otan»-ның Съезінде бастау алған  «Мен Nur Otan-ға мүше боламын» жастар челленджінің аясында билеуші партия қатарына қазірдің өзінде 6 мыңнан астам жас қазақстандық қосылды.

«Елбасының Мемлекеттік бағдарының сабақтастығын сақтай отырып, «Nur Otan» қоғамда, әсіресе жастар арасында өзара құрмет пен барша азаматтың теңдігі құндылығын дәріптеуді жалғастырады. Біздің бағдарламамызда жастарды жұмыспен қамтуға және олардың өз қабілеттерін жүзеге асыруы үшін жағдай жасауға ерекше мән берілген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» Съезінде атап өткендей, сұранысқа ие мамандықтар бойынша жоғары білім алуға арналған гранттар санын 50%-ке ұлғайту жоспарланып жатыр. Жастар ұйымдарының жобаларын және волонтерлік қозғалысты дамытуды гранттық қаржыландыру 1,5 есе ұлғайтылады», - деді ол.

Назарбаев Университетінің үлгісімен 2 өңірлік озық жоғары оқу орны ашылады. Тиімсіз білім ордалары кезең-кезеңмен жабылады.  Сонымен қатар сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім алу үшін 180 колледждің материалдық-техникалық базасын жаңарту шаралары қабылданады.

Осы күні сайлауалды штаб мүшелері Орал трансформатор зауытының жұмысшыларымен кездесуде өңірдің проблемаларын талқылады.

Партия 5 жыл ішінде облыста 800 км-ден астам автомобиль жолдарын жөндеу, ауыл тұрғындарының сумен қамтылуын 100%-ға жеткізу міндетін қойып отыр. Өңірде 11 жаңа мектеп және 2 миллион шаршы метрден аса тұрғын үй салынады. Осы арқылы әлеуметтік мұқтаж азаматтарға 8 мың пәтер берілетін болады.

Газ тарифін төмендету бойынша да бірқатар шаралар жоспарланған. Сонымен бірге өңірде мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру зауытын салу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Партия барлық мүдделі тараптармен бірлесіп Жайық өзенінің тартылуы мәселесі бойынша қажетті шаралардың қолға алынуына қол жеткізетін болады.

0
0
171

Талдықорған қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Кереев Қайрат Нұрғабылұлы

Талдықорған қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Кереев Қайрат Нұрғабылұлы, ағымдығы жылдың 23 желтоқсан күні көп балалы отбасымен кездесіп қайтты. Кезекті акция барысында "Нұр-Шапағат" құрылыс ЖШС Директоры, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Сондай-ақ әр азаматқа сапалы білім беріп, даму мен прогресске бірге қол жеткізетіндігімізді айта кетті.

0
0
329

ҚР Парламент мәжілісі депутаттығына үміткер Берік Бекжанов канвассинг бағытында кездесу өткізді.

Бағдарламаның бір басымдығы шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады. Оның ішінде, кәсіпорындарда еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етіп, жұмыс берушілердің әлеуметтік кепілдіктер беруі үшін «Қоғамдық бақылау заңы» қабылданады. Кәсіподақтар орталығының ардагері Досыбай ағамыз халықтың әл-ауқатын арттыру, еңбеккерлерді жұмыспен қамту және оларға лайықты еңбекақы төлеу мәселелерін тұрғылықты көтеріп, әлеуметтік әріптестікті дамытуға үлкен үлес қосқаны белгілі. Бағдарламаның осы басымдығы бойынша атқарылатын жұмыстарды көріп ерекше қуанды.

Айта кетейін, Досыбай ағамыз 1998 жылы «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Президенттікке кандидат кезінде Елбасының сенімді өкілі болды.

Халықтың сенімі - жауапкершілікті жүктейді!

"Nur Otan" партиясы – Қазақстан Республикасының қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия. Ол – еліміздегі жетекші саяси күш! "Nur Otan" партиясына дауыс беріңіз!

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

«Nur Otan» – нақты істер партиясы!

«Nur Otan» – жарқын жетістіктер партиясы!

#BizBirgemiz!

#NurOtan

0
0
239

Қауысбеков Владимир Оналбекұлы қаламыздың беделді ардагері

Талдықорған қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Қауысбеков Владимир Оналбекұлы қаламыздың беделді ардагері, кәсіпкер Амиров Мусеке Кенжебайұлымен кездесіп қайтты. В.Оналбекұлы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдаламасына түсінік беріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

0
0
216