Ауылдағы ауыз су мәселесін Nur Otan қолға алмақ
Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – ел ішінде көп көтерілетін мәселелердің бірі. Суы бар жердің ырысы бары дегендей қарапайым халықты толғандыратын бұл сұрақтың түйткілі басым. Елдің қамын ойлаған Nur Otan партиясы шалғай ауылдардағы ауыз су мәселесін қолға алмақ. Ақмола облыcы мен Бұланды аудандық мәслихаттар депутаттығына Nur Otan партиясынан үміткерлер Айбат Есентуров, Раушан Хожабай, Сағадат Кабикенов және Шахман Құсайынов бастаған топ Никольское ауылының тұрғындарымен кездесіп, ауылға қатысты бірқатар түйткілді мәселелерді талқыға салды. Айта кететін жайт, Никольское ауылының бір артықшылығы – ауыл темір жолдың бойында орналасқан, сондықтан ауыл халқы еш қиындықсыз үлкен қалаларға қатынай алады. Кезінде дүркіреп тұрған өндірістік тарихы бар елді-мекен бүгіндері, әрине, бұрыңғы дәурені…





