Мазмұнға өту

Жаңа

Агитациялық кездесу өтті

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Снежана Имашева облыс тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелер талқылады.

ZOOM платформасында өткен кездесу барысында тұрғындарды толғандырған мәселелер қатарында жолдың күрделі жөндеу көрмеуі, ауыз су да шешімін тапса деген ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар елді-мекендерге жоғары жылдамдықтағы интернет желісі керек екендігі де қозғалды.

Халықтың үніне құлақ түрген мәжіліс депутаты «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасының 7 басым бағытында өңірімізде алдағы бес жылда 801 шақырым жолдың сапасын кезең-кезеңімен жақсарту, 120 ауылда сумен жабдықтау нысандарының құрылысын жүргізу, 80 ауылды интернетпен қамтамасыз ету көзделгендігін айтты.

0
0
201

"Кандидат - қонақта"

"Nur Оtan" партиясының Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткер Мирхат Жұмашев "Кандидат - қонақта" канвассинг iс-шарасы аясында Ақсоғым ауылдық округiне қарасты Мақпал ауылының тұрғыны, еңбек ардагерi Сəлiм Бисариевтiң үйiнде арнайы болды. Жүздесуде үмiткер партияның Теректi ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Партияның iске асырған жобалары аясында атқарылған жұмыстары жəне жоспарларын талқылады. Еңбек ардагерi ақжарма тiлегун арнап, батасын бердi.

2
0
195

Есіктен есікке

Ұялы ауылында облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Исетай Габдуллин және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Лариса Тельманқызы Қайырғалиева, Маншук Жүсүпқалиқызы Мұхамжарова, Анарбек Бейбітұлы Белисанов үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырды. Үміткерлер «Есіктен есікке» акциясы аясында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында кандидаттар ауыл ардагерлерінің ұсыныс пікірлеріне құлақ түрді. «Nur Otan» партиясының Бөкей ордасы ауданы сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын, сондай-ақ партияның алдағы мақсат- міндеттерін айтып өтті. Оған қоса 10 қаңтарда өтетін сайлауда учаскелерге барып дауыс беруге шақырды.Ауыл тұрғындары ауылдағы кейбір мәселелерді тілге тиек етті. Атап айтсақ – білім беру мекемелерін жөндеу, сондай-ақ спорт секцияларын тұ…

0
0
183

Ауыл тұрғындарымен кездесті

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Алихан Досмұхамбетов пен Алтынбек Ермекқалиев Қызылоба ауылының тұрғындарымен кездесті. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарымен жолға шыққан партия өкілдері халыққа сайлау жөнінде мағлұмат беріп, ұсыныс-тілектерін тыңдады. Кандидаттар ел үмітін ақтауға күш салатындықтарын айта келе, қаңтар айында өтетін сайлауда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
136

Есіктен есікке

"Есіктен Есікке" шарасы аясында "Nur Otan" партиясының партиялық тізімі бойынша облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Есқайыр Елемесов Жәнібек ауылының көшелернде тұрғындарға партияның сайлауалды үгіт матириалдарын таратып сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын таныстырып, партияның атқарып жатырған жұмыстары туралы хабардар етті. Өз кезегінде тұрғындар ел игілігі үшін атқарып жатырған істеріне ризашылығын білдіріп, алдағы сайлауда жеңіске жетуін тіледі

0
0
153

Ардақты ардагерлермен кездесу

«Канвассинг» шарасы аясында "Nur Otan" партиясының партиялық тізімі бойынша облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Есқайыр Елемесов Жәнібек ауылының тұрғыны, зейнеткер Темешов Әбестің үйінде болып, сайлауалды кездесу өткізді. Кездесу барысында Е.Елемесов "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасында айқындалған негізгі жеті басымдықтармен таныстырып, алға қойылған міндеттерді атап өтті. Сонымен қатар, Есқайыр Елемесов партия тарапынан атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталып, бүгінгі күнгі қол жетістіктерді саралап берді. Абес Темешовтың партияның қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту бағытында жүзеге асырып жатырған жұмыстарды оң бағалап, партия кандидаттарына алдағы сайлауда жеңіске жетуін тіледі. Сондай-ақ ол Есқайыр Елемесовтың еңбегіне өз ризашылығын білдіріп, оның алдағы қызмет…

0
0
144

Агитацияық кездесу

2021 жылғы 10 қаңтарда өткізілетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауына орай облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Есқайыр Елемесов аудандық мәдениет үйінде Жәнібек ауылының тұрғындарымен және М.Б.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің студенттерімен сайлауалды кездесу өткізді. Кездесуде Е.Елемесов "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасында белгіленген негізгі міндеттерімен таныстырып, партияның осы міндеттерді іске асыру бағытында атқарып жатырған жұмыстар туралы хабардар етті. Бұдан басқа, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Біржан Қуаналиев, Берік Ихсанов, Айдарбек Джуманиязов қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту бойынша "Nur Otan" партиясының қабылдаған шаралар туралы атап өтсе, партиялық тізім бойынша өкілді органдарғ…

0
0
162

"Кандидат - қонақта"

Бүгiн Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткер Мирхат Ибраев "Кандидат - қонақта" канвассинг шарасы аясында Богдановка ауылдық округiне қарасты Алғабас ауылының тұрғыны Асылзат Сарсенғалиеваның үйiнде арнайы болып, 2021 жылы 10 қаңтарда болатын сайлау туралы сɵйлестi.

Əңгiмелесу барысында "Nur Оtan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы 5 жылдың iшiнде атқарылатын жұмыстардан сыр шерттi.

Партияның сайлауалды бағдарламасымен толық танысқан Асылзат Қуатқызы депутаттыққа үмiткер Мирхат Мақсотұлына сəттiлiк тiлеп, ұсынысын айтып, ақ батасын бердi.

Содан соң Мирхат Мақсотұлы "Есiктен есiкке" акциясы бойынша дүкендердi аралап, үгiт-насихат қағаздарын таратып шықты.

3
0
107

Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткер Аткеева Нұрсəуле Нұрланқызымен тiкелей эфир

Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткер Аткеева Нұрсəуле Нұрланқызы facebook əлеуметтiк желiсiнде тiкелей эфир арқылы "Nur Оtan" партиясының Теректi аудандық филиалы бойынша сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Тiкелей эфир барысында сайлауалды бағдарламаның жастарды қолдауға бағытталған жобалары баяндалды.

Атап айтсақ, "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша 2025 жылға дейiн 350-ден кем емес бiлiктi жас мамандарды қолдау; "Жас кəсiпкер" жастар бизнес-бастамаларының бағдарламаларын iске асыруға жыл сайын 30 грант берiп, кəсiпкерлiктi дамытуға үлес қосу; жастардың шығармашылығын арттырып, дамыту үшiн Федоровка ауылында "Комьюнити орталығын" ашу; барлық ауылдық округтердер волонтерлардың клубын құру сынды жұмыстардың жүзеге асатыны айтылды.

Кɵрермендер сұрақтарын қойып, сəттiлiк тiледi.

3
0
157