«Біздің үміткер» айдарында – Қалиев Есентай Ғиниятұлы
«Біздің үміткер» айдарында – Қалиев Есентай ҒиниятұлыОл 1963 жылы 25 қазанда қазіргі Қазталов ауданы, Жалпақтал ауылында дүниеге келген. 1981 жылы Фурманов орта мектебін аяқтағаннан кейін сол кездегі Орал ауыл шаруашылығы техникумына оқуға түсіп, сол жылы қазан айында әскер қатарына алынады. Әскери борышын өтегеннен кейін 1986 жылы техникумды аяқтап, агроном мамандығын алып шыққан.1986 жылы Фурманов №17 орта кәсіптік-техникалық училищесінің бастауыш комсомол комитетінің хатшысы болып сайланған Есентай Ғиниятұлы аталған оқу орнында оқытушылық қызмет атқарады. 1989-1994 жылдары қызметтен қол үзбестен, Орал педагогикалық институтында география пәні мұғалімі мамандығында оқыған. 1989 жылы Фурманов аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы, кейін ІІІ,ІІ хатшылық қызметіне сайланған.1992 жылы Фу…